ДИКТОР: Өткен жылы Көкшетаудағы жоғары техникалық колледж «ҚазАгроМаш Зауыты» серіктестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазір оқу орнының бірнеше студенті кәсіпорында дуальды оқыту жүйесі бойынша өндірістік практикадан өтуде.
РКС: Дуалды оқыту жүйесі бойынша кәсіпорында өндірістік практикадан өтіп жатқан студенттің бірі Асхад Танбаев. Колледжде алып жатқан білімінің арқасында Асхад Польшадағы WorldSkills және EuroSkills, сондай-ақ Франциядағы WorldSkills әлем чемпионаттарына қатысты.
СНХ: АСХАД ТАНБАЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазір дуальды оқытудан өтіп жатырмын. 3 күн өндірісте, 2 күн колледжде білім аламын. Теориялық сабақтардан кейін мен оларды тәжірибеде, яғни өндірісте қолданып жүрмін. Стипендиядан басқа тіпті дуальды оқытудың арқасында кәсіпорында жалақы да аламын. Колледжді бітіргеннен кейін осы кәсіпорында жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Бүгінде конструктор тағылымдамашы болып жұмыс істеймін, менің міндетім сызбалар жасап, оларды өндіріске жіберу.
РКС: Қазақстанда дуальды білім беру жүйесі 2012 жылы енгізілді. Бұл жүйе оқу процесінде теориялық және практикалық дайындықты біріктіру мәселесін бірден шешеді.
СНХ: АРТЕМ УЖАКИН, «ҚАЗАГРОМАШ ЗАУЫТЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТЕХНОЛОГЫ: Былтыр Көкшетау жоғары техникалық колледжімен ынтымақтастық туралы меморандум жасадық. Колледж студенттері кәсіпорнымызда өндірістік тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, болашақта мамандығы бойынша жұмыс істеуге ниеті бар студенттермен дуальды оқыту туралы келісім-шарт жасаймыз. Оған қоса сызбалар дайындауда колледжбен тығыз байланыстамыз.
РКС: Дуальды оқытудың арқасында студенттер жалақы мен стипендия ала отырып, бір уақытта жұмыс істеуге және оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, дуальды оқытудан өту барысындағы практикасы жұмыс өтілі ретінде есептеледі.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.