ДИКТОР: Былтыр Көкшетау қаласының әуежайы арқылы 25 мыңға жуық адам қатынаған. Сондай-ақ автобус және теміржол бағыттарындағы жолаушылар тасымалы да біршама өсті. Мұның бәрі ең алдымен инфрақұрылымның жақсаруына байланысты болып отыр. Негізгі көлік дәліздері мен жергілікті маңызы бар жолдар да жаңғыртылуда. Оған өткен жылы бюджеттен 106 млрд. теңге бөлінді. Өңірдің транзиттік әлеуеті қалай дамуда? Тілшіміз баяндайды.
РКС: Облыс аумағында жолаушыларды тасымалдау 108 тұрақты бағытта жүзеге асырылады. Оның басым бөлігі әлеуметтік маңызды деп саналады. Оларға тарифті жергілікті билік белгілейді. Ал шығындар тасымалдаушыларға бюджеттен субсидияланады. Мәселен, ауданаралық автобустарда жол жүру құнының әр шақырымы үшін небәрі 9 теңге.
СНХ: АЛЕКСАНДР РУБЛЕВСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр қосымша 5 тұрақты бағыт ұйымдастырылды. Екі-екіден халықаралық және қалааралық, біреуі қала маңына қатынады. 2 қалалық. Жаңа 24 автобус сатып алынды. Жалпы облыс бойынша көлікті дамытудың оң динамикасы байқалады. Осылайша, 104 миллион тонна жүк тасымалданды. 31 миллион адамның әрі-бері жүруіне де жағдай жасалды. Жолаушылар тасымалдау көлемі 6 процентке ұлғайды.
РКС: Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін облыс орталығы мен Бурабай курорты аймағындағы вокзалдарда күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 200-ге жуық сервистік нысан орналасқан. Олардың 85 проценті ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Қалғандарында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 10 жылда Ақмола облысында 1 мың шақырымнан астам автожол қайта жаңартылды.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендерге ерекше басымдық беріледі. Ол жерлерде жыл озған сайын халық көп шоғырлануда. Ірі жобалар Қосшы қаласында, Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Жібек Жолы, Қызылсуат ауылдарында іске асырылды. Онда тек жол құрылысы мен күрделі жөндеу ғана емес, сонымен қатар жоба аясында жарықпен қамтамасыз ету де назаран тыс қалған жоқ. Биыл жұмыс әрі қарай жалғасады.
РКС: Биыл Қызылорда–Көкшетау бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр. Тағы бір жағымды жаңалық. Наурыз айында облыс орталығына жаңа 10 автобус жеткізілмек. Ол қоғамдық көлік қатынасына қызмет етеді. Айта кетейік, өңірдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.