ДИКТОР: Көкшетау жоғары техникалық колледжі өз түлектерін оқу орнында жұмысқа қалдыру үрдісін сәтті игеріп келеді. Жұмысшы мамандықтар жылында бұл дәстүр тіпті жандана түспек. Өйткені, студенттер саны жыл санап артып отыр. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: «Жас Маман» жобасы аясында колледжде 9 құзыреттілік орталығы ашылып, толық жарақтандырылды. Колледж түлегі, қазір өндірісті оқыту шебері Роман Мехтиев студенттерге дәнекерлеу жұмыстарын бағдарламалауды үйретеді. Өйткені, дәнекерлеу жұмыстарының сапасы оны дұрыс бағдарламалауға тікелей байланысты.
СНХ: РОМАН МЕХТИЕВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Қазір жабдықтар базасы өте жақсы жарақтандырылған. Студенттер инновацияға, жаңа технологияларға қызығады. Соны тезірек меңгерсем деген талпынысы жоғары. Егер студент жалпыға қызық бір дүниені жасап шығарам десе қолық қақпаймыз, жан-жақты қолдау білдіреміз. Алдағы уақытта осы құзыреттілік бойынша World Skills өткізу жоспарлануда. Жарыстарды күтеміз. Қашан да тәжірибе алмасу қызықты, өз жемісін береді. Қалай болғанда да құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің өзге де тәсілдерін меңгеру қызықты екені сөзсіз.
РКС: Колледждің тағы бір түлегі, өндірістік оқыту шеберінің бірі Али Бузуртанов сандық бағдарламалық басқарылатын белдіктерде фрезерлік жұмыстың құзыреттілігі бойынша халықаралық сарапшы. WorldSkills халықаралық жарысына Қазақстан құрамасының сапында қатысқан. Али 2022 жылы Франция мен Германия чемпионатына, 2023 жылы Польшада өткен 25 жасқа дейінгі жастарға арналған Еуропадағы ең үлкен кәсіби шеберлік EuroSkills жарысына қатысты.
СНХ: АЛИ БУЗУРТАНОВ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Машина жасау технологиясы қазір зор сұранысқа ие. Зауыттар мен кәсіпорындарда кадр тапшы. Біз осы олқылықтың орнын толтыруда шетелдік сарапшылармен, зауыттармен және кәсіпорындармен ынтымақтаса жұмыс істеп жатырмыз. Жыл сайын студенттерді 2-3 айлық өндірістік практикаға жібереміз. Олар тағылымдамадан өтіп, зауытта оқытудан өтіп, 2 аптадан кейін жұмысқа кіріседі. Технологиялық жабдықты автоматтандыру және баптау құзыреттілігінің орталығында WorldSkills және EuroSkills чемпионаттарында қолданылатын Mastercam бағдарламалары қолданылады. Біздің міндетіміз студенттерді болашақта жан-жақты болуға үйрету.
РКС: Өндірістік оқыту мен практика шеңберінде колледждің 1 мыңға жуық студенті өздері өндірген өнімді шығарады. Колледж Ақмола облысының аумағындағы 60-қа жуық ірі кәсіпорынмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатқан. Оның ішінде «Тыныс», «Камаз Инжиниринг», «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы», «ENKI» сынды алпауыт серіктестіктер бар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.