ДИКТОР: Парламент Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде бірнеше мекемеде болды. Облыстық қорғаныс департаментінің ұжымымен кездесті. Одан соң Көкшетау қаласындағы мектептер мен колледждердегі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушыларымен көптеген маңызды сұрақты талқылады.

РКС: Кездесу барысында мерзімді әскери қызметке шақыру мәселелері, сондай-ақ аудандарда әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден өтуіндегі өзгерістер туралы заңнамаға енгізілгелі жатқан түзетулер жайы талқыланды.

СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қазір Заң жобасы аясында әскерге шақыруды ұйымдастыру, мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындық пен күшейтілген әскери дайындықты ұйымдастыру мәселелері қаралады. Ол әскери қызметшілердің, әскерге шақырылушылардың мәртебесі мен оларға жасалатын жеңілдіктер. Сонымен қатар Мәжіліс шеңберінде алғашқы әскери дайындық пәні оқытушыларының әскери борышын өтегені міндетті болуы туралы талаптарды енгізуге қатысты түзетуді қолдады.

РКС: Қорғаныс Министрлігі білім беру мекемелерінде алғашқы әскери дайындық пен әскери кафедраның тиімділігіне мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаттары колледждерде әскери кафедралар ашу мәселесін де ұсынып отыр. Аудандарда әскерге шақыру рәсімін жеңілдету үшін шаралары да талқыланды.

СНХ: ЮЛИЯ КУЧИНСКАЯ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Жаңа жылдың алдында Үкіметке аудандық шақыру комиссияларының қызметіне қатысты түзетулер пакетін жібердік. Әскерге шақырылушылардың шақыру пункттеріне тіркелу үшін бұл процесті электронды түрде жасау керек. Бұл аудандық деңгейдегі медициналық комиссияларды азайтып, оларды тек облыс деңгейінде қалдыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әскерге шақыру рәсімінен өту үшін ресми шақырту болып саналатын СМС хабарламалар мәселелерін талқылап отырмыз.

РКС: Тұрғын үй және коммуналдық төлемдер, сондай-ақ әскери қызметшілердің жалақысын көтеру туралы мәселелер де кездесу барысында талқыланды. Жалпы, елімізде әскери қызметшілердің мәртебесін көтеруге, сондай-ақ өскелең ұрпақты әскери өмірге даярлаудың тиімділігіне көп көңіл бөлініп отыр.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.