ДИКТОР: Ақмола облысында метапневмовирустың екі жағдайы тіркелді. Ол өткір жіті респираторлық вирустың инфекцияғажатады. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина хабарлады.

РКС: Эпидемиялық маусым басталғаннан бері аймақта жіті респираторлық вирустың инфекцияның 70 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Сырқаттанғандардың дені 14 жасқа дейінгі балалар. 1 жасқа дейінгі балалар арасында 2 мыңнан астам жағдай тіркелді.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Егер сырқаттану көрсеткішін 100 мың тұрғынға шағып салыстырсақ, 465-тен асып отыр. Бұл республикалық көрсеткіштен төмен. Апта арасында салыстырсақ, 1,7 есе төмендегенін байқауға болады. Егер осы аптада 3565 жағдай тіркелсе, өткен аптада 6192 жағдай анықталған еді.

РКС: Маусым басталғалы бері вирустың айналымына мониторинг аясында 89 үлгі зерттелді. Қорытындысында 41-і оң нәтиже берді. Оның ішінде 2 адамнан метапневмония анықталды.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл жағдайлар облыстың әр өңірінде тіркелген. Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында метапневмовирусқа назар аударылуда. Бізде Көкшетау мен Степногорскіде бір бір жағдайдан тіркелді. Бұл вирустың жаңа түрі емес. Гриппозды вирус. Осы кезге дейін айналып келген. Вирустың қай түрі айналып келіп отырғанын қазір зерттеп жатырмыз.

РКС: Айта кетейік, еліміз бойынша метапневмонияның 30 жағдайы анықталды. Мамандар халық көп шоғырланған жерлерге баруды шектеуді ескертеді. Сонымен бірге профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажет. Әсіресе созылмалы сырқатқа шалдыққан жандардың сақ болғаны абзал.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ