ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша былтыр 8 мыңнан астам адам 935 миллион теңгенің атаулы әлеуметтік көмегін алды. Бұл жұмыс қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларын қалыпты тіршілікке бейімдеуде кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. Әлеуметтік көмек алушылардың 60 проценттен астамы қалада, ал 40 процентке жуығы ауылда тұрады.
РКС: Атаулы әлеуметтік көмек еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру арқылы кедейлік шегінен шығару үшін көрсетілуде. Аталған көмекті тағайындаудың барлық кезеңінде отбасымен әлеуметтік келісім-шарт жасалады. Осындай қолдаудың арқасында еңбекке қабілетті 255 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 189 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 44 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 36 адам қоғамдық жұмысқа, 3 адам әлеуметтік жұмысқа, 5 адам жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді. 8 адамның кәсіпкерлік бастамасына жәрдем көрсетілді. 14 адам біліктілігін арттыруға, яғни қайта даярлау және қайта оқыту курстарына жіберілді.
РКС: 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны 10 мыңға жуық еді. Алты жыл өткендегі мәліметке жүгінсек, бұл көрсеткіш біршама азайған. Қазір олардың саны 2 мыңға жуық. Жан-жақты қолдау көрсетіледі. Кейбіріне өз ісін ашуға көмек көрсетілсе, енді бірі тұрақты жұмысқа орналастырылды. Мысалы, Степняк қаласының бір тұрғыны толық емес отбасы. Кәмелетке жасы толмаған баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған жас ана Біржан сал ауданындағы мансап орталығының көмегіне жүгінді.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Отбасының барлық мәселесін қарастыра отырып, біз отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығарудың жоспарын әзірледік. Баланы балабақшаға психологиялық тұрғыдан дайындауға көмек көрсетілді. Жас анаға жұмыс ұсынылды. Оқу орнын бітіргеннен кейін еш жерде жұмыс істемегендіктен, оған "Жастар практикасы" арқылы еңбек ету шарасы қабылданды. Өткен жылдың 18 қазанынан бастап байланыс технигі мамандығы бойынша Біржан сал ауданындағы "Қазақтелеком" филиалында жастар тәжірибесіне жіберілді. Нәтижесінде бұл отбасыға өмірлік қиын жағдайдан шығуға көмек көрсетілді.
РКС: Бүгінгі таңда облыста 56 мыңға жуық отбасы "дағдарыс" және "шұғыл" санаттарына жатады. Өткен жылдың 1 тамызындағы мәліметтермен салыстырғанда олардың саны 12321 отбасына азайған.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.