ДИКТОР: Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің 18 желтоқсандағы өкімімен Ербол Жүсіпбеков Жарқайың ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан таныстырды. Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков 1965 жылы Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысы Чистополь ауданы «Чистопольский» совхозында зоотехник-селекционер болып бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Ауылдық округ әкімі болды. 2011-2020 жылдары Зеренді ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2021 жылдары Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті. 2021 жылдың ақпанынан күні бүгінге дейін Сандықтау ауданының әкімі болды.