ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Қазақстан Республикасының 10-шы қысқы Универсиадасы шаңғы жарысының ашылу салтанаты өтті. Командалар еліміздің 7 жоғары оқу орнынан келді. Екі күн бойы спортшылар эстафеталық және жекелей жарыста күш сынасады.
РКС: Шаңғымен жылдамдыққа жүгіру Көкшетау қаласының аумағында өтіп жатыр. Қыздар эстафетада да, жекелей жарыста да 3, ал жігіттер 5 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс.
СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Біздің республикада спортқа үлкен мән беріледі. Осы Универсиадада ең мықты дайындалған студенттер жеңіп алады деп. Осы Универсиада біздің Ғылым және білім министрлігімен ұйымдастырылған. Жыл сайын жазғы және қысқы универсиада ұйымдастырылады. Биыл осы шаңғы тебу бойынша Ш.Уәлиханов атындағы университетте басталды.
РКС: Карина Малаева Орал қаласынан келген қатысушы. Ол Батыс Қазақстандағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университеттің атынан келді. Карина шаңғы спортымен 8 жылдан бері айналысады. Универсиада шеңберінде Көкшетауға алғаш келуі.
СНХ: КАРИНА МАЛАЕВА, СПОРТШЫ: Жарыс қиындау болды, қатты аяз, жел. Бірақ шаңғы жолы жақсы болды, маған ұнады. Өрге қарай көтерілуі қызықты болды. Бұл сайысқа жаздан бері дайындалдық.
РКС: Айта кету керек, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қыркүйек айынан бастап «Шоқан» клубы құрылған. Ол жерде спорттың 12 түрі бойынша жұмыс жүргізіледі. Студент жастарды спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға тартады.
АЙНҰР ҚАБЫШОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.