ДИКТОР: Қазақ қашан да мәдениет пен өнерден алдына жан салмаған, ұлттық құндылық нәрінен ұрпақ бойына нәр сепкен өшпес рухани байлығы бар халық. Ал ұлттық өнерді құрметтеу әр қазақ баласының парызы. Бүгін облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы «Жыл үздігі-2024» байқауын өткізді. Оған өңірдің мәдениет үйлері мен клубтары, шығармашылық ұйымдар өз жобаларын ұсынған еді. Соның ішінде үздік шыққандары арнайы марапатқа ие болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мәдениет саласының қызметкерлері арасында өткізілген бұл байқауға Ақмола облысының түкпір-түкпірінен ауылдық клубтар, мәдениет үйлері және түрлі мәдениет саласының өнерлі топтары өз жобаларын үкілеп бәйгеге қосқан. Шығармашылық байқауда 7 номинация бойынша үздіктер анықталды. «Атбасар ауданына қарасты Шуйское ауылдық Мәдениет үйі «Үздік ауылдық клуб» номинациясының жеңімпазы атанды.
СНХ: АЖАР ҚАЖЫМҰРАТОВА, ШУЙСКОЕ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: (АТБАСАР): Жалпы «Жыл үздігі» байқауы жылда ұйымдастырылып тұратыны белгілі бізге. Біз биыл Атбасар ауданы, Шуйское аулының мәдениет үйі осы жыл үздігі байқауына қатысып, биыл міне марпаттау рәсіміне шақырылып отырмыз. Әрине жыл бойында өзіміздің мәдениет үйінде көптеген жұмыстар атқардық деп ойлаймын. Біз аудан және облыс осының барлығын көріп, артынша бағалап отырады.
РКС: Байқау клубтық мәдениет нысандарын дамыту, неғұрлым құзыретті және мақсатқа бағытталған клуб қызметкерлерін анықтау, кәсіби шеберлік дағдылары мен шығармашылық бағытындағы мамандықтарға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
СНХ: АСЫЛБЕК ӘБЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Биылғы жыл 3-ші жыл өтіп жатыр. Биылғы байқаудың өзгешелігі өздері туралы бейнебаян дайындап, соны портфолио жасап,өз жұмыстары туралы кеше қорғады. 43 қатысушы болды.
РКС: «Серілер салған сара жол» жобасымен «Үздік креативті жоба» номинациясына Аршалы ауданына қарасты Сарыоба ауылдық клубын Аян Кемалов бастап келіпті.
СНХ: АЯН КЕМАЛОВ, САРЫОБА АУЫЛДЫҚ КЛУБЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл біздің қазақ даласында осы Арқа жеріне дәстүрлі ән мектебін қалыптастырған, арқа мектебін қалыптастырған біздің бабаларымыз Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иман Жүсіп, Балуан Шолақ сынды біздің бабаларымыз еске түседі. Осы кісілердің жүріп өткен жолын өз бойымыздан көрейік, өзімізде сол кісілердің жолымен жүрейік келесі мына жас ұрпаққа насихаттайық деген ойдан туындаған жоба болатын. Осы жобамның бағын сынайын деп үздік креативті жоба байқауына алып келген жайым бар. Әділ бағасын алып әрине жатсақ қуаныштымыз.
РКС: Осылайша Аршалы ауданынан келген өнерпаздар қос номинациядан да оза шығып, жүлдемен марапатталды. 17 аудан мен 3 қаланың өкілдері әр номинация бойынша үздіктер қатарынан табылды. Кәсіби шеберлік байқауының нәтижесі бойынша жеңімпаздарға дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ