ДИКТОР: Жаңа жылдан бастап Көкшетау қаласында зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 3 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Сонымен қатар зейнет жасындағы ақмолалықтарға санаторлы-курортты шипажайларға бару үшін тегін жолдамалар да қарастырылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте айтты.
РКС: Басқосуда масс-медиа өкілдері өңір басшысынан облыс аумағында күрмеуі шешілмей тұрған бірқатар мәселе туралы сұрап білді. Биыл Ақмола облысы рекордтық деңгейде астық жинады. Бидайды өсіріп, шашаусыз жинап алу жұмыстың бір бөлігі ғана. Көптеп жиналған астықтың өнімділігін жоғалтпай, сапасын сақтап, экспорттау, қайта өңдеуде проблема туындамауы керек. Облыс аумағында 7 миллион 200 мың тонна астық сақтайтын орын бар. Жалпы астықты сақтау, экспорттау мәселесі бүгінде Үкімет деңгейінде көтеріліп отырған мәселе,- дейді облыс әкімі.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі таңға дейін 2,5 миллион тонна астықты экспортқа жібердік. 3,5 миллион тонна астық ірі шаруашылықтарда сақталып тұр. ұсақ шаруа қожалықтардан 75 мың теңгеден сатып алып жатырмыз. Яғни олар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Келер жылы тағы да мол өнім аламыз деп үміттенеміз. 2025 жылғы дала жұмыстарына дайындық басталып кетті. 18 миллиард теңге транш түсті. Бұл қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қадағаланатын болады.
РКС: Брифингте Көкшетау қаласындағы ауыз мәселесі де көтерілді. Қазіргі таңда облыс орталығына тіршілік нәрі Сергеев су қоймасынан келуде. Енді жаңа жылдан бастап Шағалалы су қоймасынан беріледі.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрылыс аяқталды. Бүкіл жабдықтар келді. 2024 жылы су тазарту құбыры толық дайын. Енді пустко-наладочные жұмыстар деген бар. Қаңтар айынан пустко-наладка болады. Ол судың сапасын зерттеу деген, ішуге бола ма жоқ па. Су қалай таза дейді бірден жібереміз. Жаңа механизм ғой, негізі дайын.
РКС:Шағалалы су қоймасында тәулігіне 30 мың текше су тазартылмақ. Бұл Көкшетау қаласына толық жетеді. Егер қала көлемі артатын болса, су қоймасындағы тазартқыш құрылғылар тәулігіне 45 мың текшеге дейін су тазартуға қауқарлы.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ