ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мемлекеттік қызметтің 64 түрін көрсетті. Жолаушылар тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға қатысты қызмт түрі сұранысқа ие. Ол ең алдымен әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратындарға қатысты.
РКС: Әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары мемлекет тарапынан субсидияланады. Ол халық үшін тариф деңгейінің қолжетімділігін, сонымен қатар облыс аумағында еркін қозғалысты қамтамасыз етуге жасалып отырған қадам. Мәселен, 2019-2020 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа 94 автобус сатып алынды. Ол Көкшетау қаласындағы қоғамдық көліктер үшін қолданылуда.
СНХ: АЛЕКСАНДР РУБЛЕВСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл 26 автобус сатып алынды. Қалалық бағыттар бойынша жаңа 24 автобус, оның 13-і Степногорск қаласына, 7-еуі Көкшетауға, 4 автобус Щучинск шаһарына берілді. Сондай-ақ жеке кәсіпкер қалааралық автобус бағыттарына жүретін 2 автобус сатып алды.
РКС: Валерий Лебедев — жолаушыларды тасымалдау саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар жеке кәсіпкер. Мемлекеттік қолдаудың арқасында автопаркін табысты үлкейтіп алды. Көкшетау-Степняк және Көкшетау-Бурабай бағыттарына қосымша қалааралық автобустарды іске қосты.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ЛЕБЕДЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Степняк – Көкшетау бағыты бойынша Макинск, Щучинск, Кенесары ауылдары арқылы өтіп, қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ Степняк қаласында біз қызмет көрсететін 5 бағыт 35 ауылды қамтиды. Ауыл тұрғындарын Көкшетау қаласына жеткіземіз. Субсидиялау бағдарламасы бойынша лизингке жаңа 2 Газель сатып алдым. Қазір мемлекет тарапынан жолаушылар тасымалына зор қолдау көрсетілуде.
РКС: Мамандар келер жылдың наурызында облыс орталығына тағы 10 жаңа автобус жеткізуді көздеп отыр. Тасымалдаушылардың шығынын субсидиялау бағдарламасының арқасында облыс бойынша 204 автобустың 120-сы жаңартылды. Бұл әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсететін автопарктің 60 проценті.
АЙНҰР ҚАБЫШОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.