ДИКТОР: Қазақстанның оңтүстік өңірінен 50-ге жуық жас Ұлттық Ұланның Көкшетауда орналасқан 5510 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге келді. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Алдағы уақытта әскери міндетін өткеруге келгендер үшін бейімделудің маңызды кезеңі басталады. Командалық құраммен және сарбаздармен танысып, ішкі тәртіпке үйренеді.
СНХ: НҰРҒИСА БАЙЖАНОВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Өз еркіммен әскери борышымды өтеуге келдім Түркістан облысынан Көкшетау қаласына. Өз еркімен әскери қызметімді, борышымды бір жыл бойы өтеуге дайынмын. Жастарға соны тілеймін, ешқашан армиядан қорықпау керек. Армияға келіп, бір жыл борышымызды өтеп кетуге.
РКС: Айта кетейік, әскери бөлімде жасақталған оқу пунктіне еліміздің 10 өңірінен 300-ден астам сарбаз келмекші. Алғашқы әскери дайындық тек физикалық жаттығуларды ғана емес, сонымен қатар теориялық сабақтарды да қамтиды.
СНХ: АСЫЛБЕК ЮСУПОВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңадан келген сарбаздар алдымен 6 күндік алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Күніне 6 сағаттан 36 сағат оқиды. Алғашқы әскери дайындықтан кейін 20 күн қызметтік-жауынгерлік дайындықты пысықтаймыз. Күніне 6 сағаттан 120 сағат оқу өткізіледі. Қызметтік-жауынгерлік дайындық жүргізілгеннен кейін жаңадан келген жеке құрам әскери ант береді.
РКС: Осы күндері Түркістан өңірінен басқа Қостанай облысынан 38, Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен 40 жас әскери міндетін өтеуге келді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.