ДИКТОР: Ерейментау ауданының орталығында самбо күресінен КСРО спорт шебері Рүстем Ыбыраевқа мемориалдық тақта ашылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, боз кілем шеберінің шәкірттері мен жақындары қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Рүстем Ыбыраев 1962 жылы Ерейментау қаласында дүниеге келген. 13 жастан бастап самбо күресіне қызығушылығы оянып, осы спорт түрімен айналысты. Осылайша, көптеген облыстық және республикалық байқауларда жүлдегер атанып, 1979 жылы спорт шеберінің кандидаты, бес жылдан соң КСРО спорт шебері атанды. Өмірінің соңына дейін өңірдегі спорт саласының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Саналы ғұмырындағы басты мақсаты елге адал қызмет ету еді. Қашан да үлкенге құрмет, кішіге ізет етті. Жол апатына түскен жандарды құтқарамын деп, өзі сол жерде ажал құшты.
СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:///қаз///Біздің, әр отырған азаматтардың жүрегінің түбінде Рүстем ағамыз қалады. Өскелең буын, балаларымға одан қалды өзімізге де істеген істері, айтқан ақылдары бүгінге дейін қажетті.
РКС: Іс-шара соңы дзюдо, футзал және жүзу бойынша облыстық турнирге ұласты. Онда Ерейментау, Аршалы, Целиноград, Қорғалжын аудандары мен Қосшы, Степногорск, Көкшетау және Астана қалаларынан келген балғын спортшылар өзара мықтыны анықтады.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ