ДИКТОР: Көкшетауда бір отбасының 4 мүшесі белгісіз жағдайда көз жұмды. Олардың мәйіті өздері тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден табылды. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде белгісіз себептермен қайтыс болған төрт адамның қазасының себебі анықталып жатыр. Пәтерден ерлі-зайыптылармен бірге кәмелетке жасы толмаған 5 және 11 жастағы екі баланың мәйіті табылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар газдан улану дерегін анықтаған жоқ. Қазір облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ: Төрт адамның оның ішінде екі кәмелетке толмаған баланың қаза болу бойынша фактісі бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 306 бабы 3 бабы тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қауыпсыздық талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету бойынша сотқа дейнгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеп-тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік Кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.