ДИКТОР: Түрлі деңгейдегі кәсіподақ ұйымдары қызметкерлерінің құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғауда алдыңғы шепте тұрады. Тәуелсіздік күні қарсаңында кәсіподақ ұйымдарының жұмысына қосқан зор үлесі үшін бірқатар мемлекеттік қызметші марапатталды.

РКС: Мемлекеттік қызметшілермен кездесуді салалық кәсіподақ ұйымының өкілі өткізді. Еліміз бойынша мемлекеттік қызметшілер, банктік ұйымдар мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық «Қызмет» кәсіподақ ұйымында 100 мыңға жуық мүше бар. Ал, облыстық филиалда 3,5 мың қызметкер бар.

СНХ: БОРАНБАЙ БЕГАЛИН, САЛАЛЫҚ «ҚЫЗМЕТ» КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Ұжыммен кездестік. Басты міндет - әріптестерімізді келе жатқан мерекемен құттықтап, біздің кәсіподақ жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Яғни, мемлекеттік қызметшілерге. Бастапқы кәсіподақ ұйымдарымен белсенді жұмыс істейміз. Жәрдемақы және басқа да тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, заң бұзушылыққа қатысты баптармен де таныстырдым.

РКС: Жұмысшыларды біріктірудің бірден бір жолы – бастауыш ұйымдарын құру. Жиын барысында бірқатар белсенді қызметкер Алғыс хаттармен және «Үздік әлеумет әріптес» медалімен марапатталды.

СНХ: ҚАЙЫРГЕЛДІ БАТТАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық кәсіподағының жұмысшыларымен мемлекеттік қызметкерлер кездесті. Кәсіподақ мүшелері марапатталды. Олардың қатарында менде болдым. Мені арнайы медальмен марапттады. Кәсіподақ жұмысын бағалау мүмкін емес. Жұмысшы мен жұмыс беруші бар жерде әртүрлі сипаттағы даулар туындауы мүмкін. Сондықтан, бұл жерде жұмысшының мүддесін кәсіподақтар қорғайды.

РКС: Айта кету керек, өңірде салалық және жергілікті 11 кәсіподақ ұйымы бар. Экономиканың барлық салаларындағы еңбекшілердің құқықтары мен мүдделері белсенді түрде қорғалуда. Оған 75 мыңға жуық ақмолалық еңбекші біріктірілген.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ