ДИКТОР: Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай Көкшетауда салтанатты іс-шара өтті. Оған әр шақырылымдардың 50-ден астам депутаты, ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен жергілікті әкімшілік өкілдері қатысты.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Мәслихат – мемлекет пен қарапайым халық арасындағы алтын көпір.1994 жылы наурыздың 7-сінде тәуелсіз Қазақстан тарихында жергілікті өкілетті орган- бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат-жиналыстарына сайлау өтті. 30 жыл ішінде барлық деңгейдегі мәслихаттардың еліміздің дамуына қосқан үлесі зор. Жергілікті халық қалаулылары жұртшылықтың мүддесін қорғап, түйткілді мәселелерді шешуге ықпал жасады.
СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басышысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде «Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару жүйедегі негізгі институт» дей отырып, осы билік тармағының маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгінгі таңда депутаттар атқарушы органдар мен бірлесіп, аймақ тұрғындарының әртүрлі мәселесін шешетін қоғамның көзқарасы мен азаматтардың өмір сүру сапасын өзгерте алатын күшке айналып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда толық біздің Конституциямыз іске асып, халықтың билігін орындайтын, халықтың сұранысын ойлайтын құқықтық мемлекетке айналып отырмыз.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Салтанатты шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін бір топ қоғам қайраткері, мәслихат депутаттары «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
СНХ:ӘБІЛҚАЙЫР ОШАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Мәслихат депутаттарына өте үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Енді жылдан-жылға депутаттардың статусы өзгеріп, қазіргі Қазақстанда әр депутат өздерінің аймақтарына байланысты үлкен жобаларды, шараларды орындап, халықтың, ауылдардың әлеуметтік жағдайын өзгертуде, жақсартуда жұмыстар жүргізіп жатыр.
СНХ:БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі таңда депутаттар көп партиялы депутаттар болып отыр. Бізде Ақмола облысының мәслихатында 5 партияның өкілдері қатысады. 8-ші шақырылымның ерекшелігі осы екі жыл бойы біз аудандық, қалалық әкімшіліктердің бюджеттерін бекітерден бұрын алдын-ала күзді күні біз қарастырамыз. Олар өздерінің ұсыныстарымен келеді. Жалғыз ғана әкімшіліктің ұсынысы емес, ол халықтың сұранысы. Сондықтан депутатты жан-жақты қарайды. Ол қаншалықты маңызды, яғни су мәселесі, жарық мәселесі бар, мектеп құрылыстары, мектептің жөндеу жұмыстары, денсаулық саласында да қазір өзекті мәселелер көтеріліп жатыр.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Сондай-ақ, қоғам ісіне белсене араласып, аймақтың дамуы мен өркендеуіне атсалысқан бірқатар азамат Алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ