ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясы өтті. Онда 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды. Келер жылы әлеуметтің әлеуетін арттыруға ерекше басымдық берілмек. Әлеуметтік салаға 533 млрд. теңге бағытталады. Жиынға қатысқан облыс әкімі Марат Ахметжанов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, өтіп бара жатқан жылдың өңір үшін табысты болғанын айтты.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Жалпы алғанда депутаттардың ұсынысы бойынша 27 миллиард теңгенің шығыны мақұлданды. Айта кетейік, 700-ден астам жобаға өтінім берілген, соның 67-сі електен өткізіліп барып осындай шешім шығарылып отыр.
СНХ: МАРАТ ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттарынан болашақ бюджеттің жобаларына қатысты 48 ұсыныс келіп түсті. Бюджет жобасын талқылаудың бірлескен форматы, оның ашық әрі объективті қаралуы процеске қатысушылардың арасында салауатты, қаржылық және бюджеттік қарым-қатынастарды құруға барынша оң әсерін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар өзара жауапкершілік деңгейін арттырып, тәуекелдерді азайтатыны қуантады.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Сессия жұмысына қатысқан аймақ басшысы Марат Ахметжанов барлық саладағы даму қарқыны мен түйткілді мәселелерді ортаға салды. Кез келген саладағы заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою керектігін қадап айтты. Білім ошақтарында сақалды құрылысқа айналған нысандар бар. Өңір басшысы жауапсыз мердігерлердің кесірінен осындай келеңсіздік орын алып отыр,-деді. Алдағы уақытта олар заң алдында жауап бермек.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл салаға біз әрқашанда назар бөліп отырымыз. Мұқият қарап отырмыз. Өйткені, білімді, білікті, еңбекқор, мәдениетті жас ұрпақты біз тәрбиелесек ертеңгі біздің тұрақты дамуымызға кәмел сенуге болады. Сондықтан, бұл жерге біз аямауымыз керек. Бұл жерге біз қаражатты беруіміз керек. Оның ішінде 68 пайызы орта білімге. 170 млрд.тан астам.Осы беріліп жатқан қаражаттың біз тиімділігін көруіміз керек. Ақмола облысында 585 мектеептің 125-і әлсіз мектеп.
РКС: Сондай-ақ, шаһарда пилоттық жоба аясында алғаш рет реанимобиль көліктеріне "sergek patrol" жүйесі орнатылды. Бұдан былай, жәдел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізушілер айыппұл арқалайды. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жиын барысында осылай деді. Сонымен қатар, жас мамандарға көтермеақы аудандық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 5 миллион теңгеге дейін, ал ауылды жерлерде 8 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Осылайша, аймақта дәрігер тапшылығы толығымен шешілмек.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Аймақ бойынша жедел шешуді қажет ететін мәселе көп. Ол күн тәртібінен түспейді. Десе де, игі істерді де айта кету керек. Мәселен, 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтуға бөлінетін қаржыға келсек, Ақмола өңірі Қазақстан бойынша көш бастап тұр. Әр балаға күніне 808 теңге жұмсалады. Сессия барысында сөз алған депутаттар шалғайда жатқан елдімекендердің де мәселесін ортаға салып, егжей-тегжейлі талқылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ