ДИКТОР: 2022-2026 жылдарға арналған Көкшетау қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Бұл бағдарлама азаматтардың, қоғамдық кеңістіктің тіршілік ету ортасын жаңарту мен қолайлы тұрмыс жағдайларына, тұрғын үй аймақтарының дамуы мен оларды абаттандыруға бағытталған.
РКС: «Тұрғын үй қорын жаңарту» жобасын іске асыруда инвесторлар конкурсының жеңімпазы анықталды. Оның негізгі ұйымдастырушысы «Көкше «Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясының» еншілес ұйымы. Кеше инвестор мен еншілес ұйым арасында келісім-шартқа қол қойылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қазір облыс орталығындағы Уәлиханов–Гоголь, Саин–Быковский көшелеріндегі апатты деп танылған 6 үй сүрілді. Құрылыс алаңының аумағы жұмысты бастауға дайын. Келер жылдың қараша айында 230 пәтерлік тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы аяқталады деген жоспар бар.
СНХ: ӘЛИ ӘЛИЕВ, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жаңғырту бағдарламасының жүзеге асырылуы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бұл бағдарламаға зор үміт артып отыр. Жаңғырту бағдарламасы бір мезетте бірнеше мәселені шешпек. Бұл тек тұрғын үй ғана емес, сонымен қатар жаңа үйлерге желілерді қайта тарту мәселесі. Сондай-ақ, аумақты абаттандыру аспектілеріде ескеріледі. Келесі жылы құрылыстың бірінші кезеңінде Тәшенов-Абай-Пушкин-Әуезов көшелерінде орналасқан 6 үй, яғни 66 пәтер сатып алынады. Оның орнына тоғыз қабатты заманауи 3 баспана салынып, аумағы абаттандырылады.