ДИКТОР: Ақмола облысында өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау өтеді. Биыл сайлау өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Үміткерлер салалық және аудандық кеңес мүшелерінің арасынан сайланады. Сондай-ақ облыстық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың бірінші басшылары немесе мүшелері де қатыса алады. Сайлау желтоқсанның 23-і мен 25-і аралығында өтеді. 27 делегат 4 жыл мерзімге сайланады. Өңірлік кеңес аумақтық және салалық қатыстылығын, сондай-ақ аккредиттелген қауымдастық өкілдері үшін орындар санын ескере отырып қалыптастырылады. Сайлау пулына салалық кеңестердің тұрақты құрамының мүшелері кіреді. Делегаттар тікелей дауыс беру арқылы таңдалады. Бірнеше кеңес мүшесі тек бір сала бойынша өз кандидатурасын ұсына алады. Үміткерлердің кем дегенде бір айлық тәжірибесі болуы шарт. Сайлау өткізуге арналған кворум әр салалық кеңестің жалпы санының үштен екісін құрайды. Айта кетейік, үміткерлер сайлауалды науқанын жүргізе алады.
СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінде аудандық кәсіпкерлер, салалық кеңестердің және қауымдастықтың өкілдерінен 34 өтінім қалыптастырылды. Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы жанынан бүгінде 19 аудандық, 7 салалық кеңес, сондай-ақ аккредиттелген туризм қауымдастығы жұмыс істейді. Алдағы уақытта өңірлік кеңестің жаңартылған құрамы одан да жақсы жұмыс істейтініне сенімдіміз. Осындай бірлестік ортақ мүдделері бар кәсіпкерлердің аймақтық мәселелердің, салалық кеңестердің ең тиімді шешімдерін табуға, ортақ міндеттерді, сонымен қатар өз мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.