ДИКТОР: «Әлем – сен үшін!» атты инклюзивті форум Көкшетауда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ол ең алдымен тәжірибе алмасу, әлеуметтік байланыстарды қолдау және мүмкіндігі шектеулі балалардың өзекті мәселелерін талқылауды қамтамасыз етуге бағытталған платформа. Осылайша физикалық, психикалық ерекшеліктеріне қарамастан барлығына тең мүмкіндік құру инклюзивті қоғам құруға алғышарт жасалмақ.

РКС: Инклюзивтіліктің маңыздылығына қоғам назарын аудара отырып, ерекше қажеттіліктері бар жандарға тең мүмкіндікті қамтамасыз ету. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған форумның көздегені де осы. Өйткені, осындай бала тәрбиелеп отырған отбасы жыл сайын түрлі кедергіге тап болады. Сондықтан оның түйінін кешіктірмей шешу қажет.

СНХ: РАДИМХАН ТОҚЫШЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМНІҢ БАСШЫСЫ: Көптеген ата-ана ерекше балаларды басқаша қабылдап жатады. Олар да сіз бен біз сияқты қоғамның толық мүшесі. Сондықтан, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың жалғыз емес екенін ұғындыру. Оларға қашан да қолдау көрсетуіміз керек.

РКС: Шараға қатысқан логопедтер, дефектологтар мен психологтар инклюзивті білім беру, әлеуметтік қолдау, денсаулық және тең мүмкіндіктерге қатысты білімдерімен және тәжірибемен бөлісті. Форум аналарға қолдау көрсететін бірегей алаң. Оған қатысушылар осылай дейді.

СНХ: ДАУРИЯ ТӨЛЕШЕВА, ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Баламның диагнозын білген кезде өзімді шөл далада жалғыз қалып қойғандай сезіндім. Ол кезде дәл осындай форумдар, әлдебір қауымдастықтар болған жоқ. Форум жарымжан баласы бар таныс адамдарыңызға кеңесіңізбен бөлісуге арналып ұйымдастырылған. Бір-бірімізге демеу болу үшін осындай қауымдастықтардың бар екенін айтуымыз керек. Түсіністікпен қарау өте маңызды.Өйткені, ерекше бала тәрбиелеп отырған ананың жан дүниесін түсіну қиын.

РКС: Форумды ұйымдастыруға демеушілер тартылды. Олар балаларға сыйлықтар мен қаржылай көмек көрсетті. Форум мәдени шараға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

АЙНҰР ҚАБЫШОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.