ДИКТОР: «Enki» серіктестігінде «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» акциясы аясында студенттер үшін зауыт бойынша айына бірнеше рет экскурсия ұйымдастырылады. Аталған шара студенттерге болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: «ENKI» серіктестігі Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы. Кәсіпорын 2006 жылдың ақпан айында инвестициялық жоба аясында жұмысын бастады. Бүгінде зауыт оқу орындарымен тығыз әріптестік орнатқан.
СНХ: ЕРЛАН МЫРЗАҒАЛИЕВ, «ENKI» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨНДІРІС БАСТЫҒЫ: 350-ден астам адам жұмыс істейді. Оның 90 пайызы жастар. Зауытта жалақы уақытылы төленеді, жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.Мықты мамандарға зәруміз. Білімді жастардың келгенін қалаймыз. Көбінесе IT сала мамандары қажет. Бізге электриктер, дәнекерлеушілер және токарьлар керек. Зауыт басшылығының бастамасымен биыл студенттерді дуалды оқыту бойынша эксперименттік жұмысты бастадық. Студенттер зауытта жұмыс істейді және оқиды. Оқу орындарымен тығыз байланыстамыз. Олар бізге студенттерді жібереді. Біз оларды бірден жұмысқа орналастырамыз.
РКС: Кәсіпорында Испания фирмаларының технологиялық желісі орнатылған. Өндіріс процесінің барлық кезеңі автоматтандырылған және компьютерлік техниканың көмегімен бақыланады. Өндірісте заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылып, технологиялық процестер мен өнім сапасы қатаң сақталады. Айта кету керек, зауыт жылына 60 миллион дана кірпіш шығарады.
СНХ: АЛЬБИНА КАЛЯТИНА, СТУДЕНТ: Маған өте ұнады, зауыт өте үлкен, біз бірінші рет осындай шараға қатысып отырмыз. Мен техникалық процестерді басқару мамандығын таңдадым, яғни мен ақпараттық жүйелерінің технигімін және өз мамандығым бойынша, графикалық дизайнер ретінде жұмыс істеуді жоспарлап отырмын.
РКС: Зауыттан әскер қатарына шақырылған студенттер кейін кәсіпорынға қайтадан оралады. Заңға сәйкес, кәсіпорын олардың жұмыс орындарын сақтауы тиіс.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ