ДИКТОР: Биыл Ақкөл қаласындағы екінші мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. 1971 жылдан бері жаңартылмаған. Білім ошағының сыртқы және ішкі жұмыстарымен қатар материалдық-техникалық базасы да нығайтылды. Технологиялық инновацияларға "Алақан" биометриялық жүйесі мен робототехника кабинеті кіреді.

РКС: Мердігер компания жөндеу жұмысын өткен оқу жылының соңында бастаған. Күрделі жөндеу тамыз айының соңына дейін аяқталды. Ғимараттың сырты жылытылып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жуынатын бөлмелер, электрмен жабдықтау және өрт дабылдары, қабырғасы тегістеліп, едендері ауыстырылды. Күрделі жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа оқу жылында оқушылардың мектеп ғимаратына кіріп шығуын бақылайтын «Алақан» жүйесі орнатылды. Жаңа мәліметтер базасына ең алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары енгізілді. Мектеп директорының айтуынша, бұл тамақ берушінің қызметін қадағалауды жеңілдетеді.

СНХ: ИННА ГАНЬКЕВИЧ, №2 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Әрине, бұл жүйе сәл жылдамырақ жұмыс істесе дейміз. Өйткені құрылғының кейде аяу жұмыс істеп, кейде қызып кетеді. Сол себепті біз де жұмысты баяу істеп жатырмыз. Мысалы біз күніне 60-қа жуық адамды тіркей аламыз, бұл шамамен 2-3 сынып. Тағы да ата-ананың дерегі, аты-жөні, жеке сақтандыру және телефон нөмерін енгізу керек. Бұл деректердің барлығы туу туралы куәлікке сәйкес енгізіледі.

РКС: Ақкөл қаласындағы нөмірі екінші мектепте екі ауысымда 500-ден аса оқушы білім алады. 70-тен аса мұғалім бар. 6-сынып оқушылары «Робототехника әлемі» үйірмесі аясында еркін дизайнмен айналысады. Блоктар мен сенсорларды пайдаланып бағдарламалау негіздерін үйренуде. Роботтардың күрделі үлгілерін құрастырып, түрлі жарыстарға дайындалады.

СНХ: ЖАМАЛ ТУИТИНА, РОБОТОТЕХНИКА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жақында робототехника кабинеті ашылды. Кеңсе заманауи Lego MindStorms жинақтарымен жабдықталған. Arduino жинақтары, сондай-ақ эргономикалық жиһаздар мен компьютерлік жабдықтар бар. Робототехника сабақтары әрқашан балалардың зейінін дамытып, қиялын ұштайды. Олар ұжымда жұмыс істеуді үйренеді.

РКС: Барлық кабинет интерактивті панельдермен жабдықталған. Сонымен қатар, Ақкөл мектебінің мұғалімдері сабақ барысында цифрлық білім беру платформаларын пайдалануда. Мектептің күрделі жөндеу жұмысы 2 жылға жоспарланған. Мердігер абаттандыру жұмыстарын келесі жылы аяқтайды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ