ДИКТОР: Атбасар ауданына қарасты Новосельское ауылында қазақ күресінен Тәуелсіздік Күніне арналған дәстүрлі турнир өтті. Боз кілемде 18 және одан жоғары жастағы балуандар белдесті.
РКС:Турнирдің ашылу салтанатында ардагер балуан, КСРО спорт шебері Атбасар қаласының тұрғыны Болатбек Қожаев спортшылармен жанкүйерлерге алғысын білдіріп, жарыстың төрешілерімен таныстырып өтті.
СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: жарысқа кілең мықтылар келді.
РКС: Биылғы турнирдің бір ерекшелігі ЮНЕСКО- ның Қазақстандағы өкілдері қазақ күресі белдесулерін тамашалап, таспаға түсірді.
СНХ:БАХТИЯР ҚОЖАХМЕТОВ, ЮНЕСКО-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ: Қазақстан биыл алтыншы рет ЮНЕСКО-ға мемлекеттік есеп береді. Сол есепке бүгін түсірген видео-фотоларды жібереміз.Мен бірінші рет көріп отырмын. Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельское ауылында осындай жақсы жарыс өтіп жатқанын.
РКС: Жарысқа қатысқан үміткерлердің осалы болмады. Олардың әрқайсысы кілемде жасындай жарқырады.
СНХ: ӘНУАРБЕК ӘСЕТ, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ: Қарсыласымның бәрі де жақсы дайындықпен келіпті. Мен де өз деңгейімді көрсеттім. Жаңа күрескен қарсыласым Қоянды ауылынікі. Оны жақсы әдіс көрсетіп жеңдім.
РКС: Осынау байрақты бәсекеде елімізге танымал қазақ күресінің шеберлері Леонид Станеев, Жандос Сейтенов, Бекзат Алтыбаев қарсылас шыдатпады. Турнирдің түйе балуаны атағын Астана қаласының алыбы Жасұлан Халқабаев жеңіп алды.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ