ДИКТОР: Бүгінде интернет алаяқтар қоғам дерті. Күн сайын қазақстандықтар киберқылмыстың құрбанына айналуда. Интернет алаяқтықтан көптеген азамат қомақты ақшаларын жоғалтты. Әзірге бұл жайттар қылмыскерлердің схемаларын біліп, оның алдын алуға көмектеседі. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
РКС: Жыл басынан бері өңірде интернет алаяқтық бойынша 900 факті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3 процентке аз. Былтыр 1130 жағдайдан астам киберқылмыс тіркелген еді. Жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар арқылы статистиканы азайтуға болады.
СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҚҚА КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Біз, Ақмола облысы бойынша департаментінің полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістерін түсіндіру бойынша жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз. Халықпен кездесу барысында алаяқтардың әдістері жайлы жан-жақты хабарлаймыз. Сонымен қатар алдын-алудың негізгі түрлерінің бірі – біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлерін LED экрандар арқылы көрсетеміз.
РКС: Жыл басынан бері киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері 130 қылмыстық істі аяқтады. Нәтижесінде 150-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Полицейлердің айтуынша, қоңырау шалған адамға, өзін кіммін деп таныстырса да, 4 таңбалы кодты ешбір жағдайда айтпау керек. Өзіңізді интернет алаяқтан қорғаудың бірден бір жолы ол Egov мобильді қосымшасын пайдалану.
СНХ: ЕРМЕК МАНАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КИБЕРҚЫЛМЫСТЫҚҚА КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Egov жүйесінде біз барлығына осы қосымша арқылы несие алуға тыйым салуды белгілеу қажет екенін хабарлаймыз. Белгісіз мерзімге банктік несиелер мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту. Яғни, бұл қызметті орнату арқылы алаяқтар несие ала алмайды. Егер адамға несие алу қажет болса, осы қызметке қосылуды сол алгоритм арқылы өшіру керек. Ақшалай несие немесе тауарлық несие алғаннан кейін, оны қайтадан блоктауларыңызды сұраймыз.
РКС: Сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізу аясында зардап шеккен азаматтарға материалдық шығынды өтеуге міндетті 90-нан астам қылмыскер жауапкершілікке тартылды. Олар 65 миллион теңгеден астам шығынды өтеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ