ДИКТОР: Жезқазған қаласында 2007 және 2008 жылдары туған боксшы қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осынау байрақты бәсекеде Ақмола облысының намысын Жақсы ауданы мен Көкшетау қаласының бұрымды боксшылары қорғады.

РКС: Көкшетау қаласындағы Қажымұқан спорт мектебінің боксшы қыздары жақсы жабдықталған жеке залда дайындық жасайды. Былғары қолғап киіп, шаршы алаңға енді ғана шығып жүрген нәзік жандылар аянбай тер төгіп, әртүрлі жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Бұл бапкерлер еңбегінің ақталғандығы.

СНХ: ВЛАДИМИР ЛЕТР, БАПКЕР: Осы бокс залында тәжірбиелі спортшылар көптеп айналысады. Кейінгі толқын боксшы қыздар солардан тәжірбие алып, ұқсағысы келеді. Бұл әрине заңды құбылыс.

ЕСТ.ШУМ:

РКС: Жезқазған шаршы алаңында жерлесіміз Анастасия Гусева 57 келі салмақта сынға түсіп, қола медальға қол жеткізді. Осынау табыс бапкерінің тынымсыз еңбегінің арқасы дейді ол.

СНХ: АНАСТАСИЯ ГУСЕВА, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Біздің бапкер Летр Владимир Николаевич өте тәжірбиелі ұстаз. Өзі де кезінде шаршы алаңда көп маңдай тер төккен. Шәкірттерін де жеңістен жеңіске жеткізуде.

РКС: Жайнагүл Сабыржанның спорттың қиында қызықты түрі боксты таңдап алғанына біраз жылдар болды. Әр жарыс сайын тәжірбие жинап, шаршы алаңда ширай түсуде.

СНХ: ЖАЙНАГҮЛ САБЫРЖАН, ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Ел біріншілігіне бапкеріміз Владимир Николаевич әдеттегідей кеңейтілген бағдарламамен дайындады. Жезқазғанда 3 кездесу өткіздім. Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының қыздарымен бокстастым. Қола медальмен тоқтап қалмай алдағы жылы өтетін жастар ойындарында жеңіске жетемін.

РКС: Өңірде қыздар боксы қанатын кеңге жайып келеді. Моншақты боксшыларымыздың аянбай төккен терлері жеңіске жеткізуде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ