ДИКТОР: Көкшетауда «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында кездесуге әскери борышын өткерген жастар мен әскери міндеттілер қатысты. Шара жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған.

РКС: Ақмола облысы бойынша келісім-шарт негізінде әскери қызметке 453 азамат жіберілді. Ал қылмыстық-атқару жүйесіне 42 адам орналастырылды. Әскери борышын өтеп келген 11 жас жоғары оқу орнына түскен. Өрт сөндіруші-құтқарушының бос жұмыс орнына 100-ден астам жас орналасты. Облыс бойынша биыл жоба аясында 1500-ға жуық адам жұмыспен қамтылды.

СНХ: МАҚПАЛ ЖАНАРЫСОВА, NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӘНЕ КЕҢЕС БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Жоба қаңтар айынан бастап жүзеге асырылып жатыр. Ақмола облысының жастар ресурстық орталықтары құқық қорғау органдарымен жеті меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, осы тақырыпта үш миллионнан астам жасты қамтыған тақырыптық бейнероликтер түсірілді. Биыл өмірлік маңызы бар дағдыларда тренингтер, бос орындар жәрмеңкелері, консультациялар, үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Бұл жұмыс Ақмола облысы бойынша жүргізілуде.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.