ДИКТОР: Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуде медициналық диагностиканың сапалы болуы маңызды. Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы диагностиканың заманауи әдістерін ұдайы енгізіп отырады. Осылайша озық медициналық технологияларға өңір тұрғындарының қолжетімділігін қамтамасыз етіп отыр.
РКС: Уақытылы диагностикадан өту адамның денсаулығындағы түрлі құбылысты дер кезінде анықтауға және оны қалыпқа келтірудің дұрыс жолын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, онкологиялық ауруларды ерте анықтаған жағдайда оны емдеудің мүмкіндігін 90 процентке дейін арттыруға болады. Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы заманауи компьютерлік томографпен жарақтандырылған. Оның көмегімен пациенттер үшін қолайлы шарттарда диагностика жүргізуге болады. Сондай-ақ арнайы кескінді жоғары деңгейде ажыратуға мүмкіндік бар.
СНХ: МАХАМБЕТ САБЫРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Қазақстанда диагностикаға көп көңіл бөлінеді. Емдеудің тең жартысы осы диагностикадан соң анықталады. Дұрыс қойылған диагноз науқасты толық емдеп шығуға апаратын сенімді жол. Оған дәл осы қондырғы көмектеседі. Бұл құрылғы 64 кесін жасайды. Сондықтан оның көмегімен кез келген органдағы құбылысты толығымен көре аламыз. Қазір біз зерттей алмайтын ағза жоқ. Қазірдің өзінде шағын әзірлемелер және осы диагностика бойынша есептілік те бар.
РКС: Томографиядағы негізгі кедергі-зерттеу кезеңінде тыныстамай тұра тұру қажеттілігі. Диагностикалық уақытты қысқарту пациенттерге, әсіресе өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратындарға, сондай-ақ, балалар мен егде жастағы науқастарға өте қолайлы.
СНХ: САБЫРЖАН САҒЫНДЫҚ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ СӘУЛЕЛІК ДИАГНОСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ: Кескіннің өзі экранға бірден шығады. Мұнда бізде пациенттің сауалнамалық деректері бар. Науқас кеткен соң, біз кескіндерді тіркеп, дәрігерге жібереміз. Одан соң дәрігер бір жарым сағат ішінде кескінді зерттеп, сипаттама береді.
РКС: Уақытылы дәрігерге қаралып отырған абзал. Ақ халаттылар осылай дейді. Өйткені, дәл осы заманауи қондырғы сырқатты дер кезінде анықтауға және емдеуді жылдам бастауға ықпал етеді. Диагностика медициналық қажеттілік қана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктемені де біршама азайтуға мүмкіндік бермек.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ