ДИКТОР: Желтоқсанның 8-інде Қазақстанның Алматыдан басқа барлық аймағында тізімнен шыққан мәслихат депутаттарының орнына қосымша сайлау өтті.
РКС: Көкшетау қаласының тұрғындары №4 округ бойынша облыстық мәслихаттың депутатын сайлауға қатысты. Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес ұйымдастырылды. Таңғы сағат жетіде басталған саяси науқан кешкі сағат сегізге дейін жалғасты.
СНХ: МАҚФУЗА НҰРҒАЛИЕВА, №12 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: №12 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 7-де бастады. Қазіргі уақытта тізім бойынша төрт кандидат депутаттыққа сайлануда. Сайлаушылар тізімі 2104. Қазіргі уақытта сайлау өте жақсы дәрежеде өткде. Ешқандай штаттан тыс жағдайлар болған жоқ.
РКС: Қала тұрғындары дауыс беруге белсене қатысты. Сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Көкшетау қаласы бойынша 19 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттарының бос орындарына 30 үміткер тіркелді.
СНХ: ӘСЕЛ СӘРСЕНБАЕВА, №44 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны 2607. Таңертеңгі сағат 10-да дауыс берушілердің шамамен 30 пайызы келді. Сайлау кесте бойынша таңғы 7-де басталды. Тағы да сайлаушылар келуде. Штаттан тыс жағдайлар болған жоқ.
СНХ: МАДИНА НҰРЖАНОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Бердік дауысымызды. Жақсы, коррупционерлік болмайды ғой, жасайтынына сенімдіміз, жұмысын жақсы істейді деп. Соған дауыс беріп жатырмыз. Зейнеткер ретінде, жастарға жақсылық болсын, только жақсылықпен жұмыс істесін, соны тілейміз.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, барлық деңгейдегі мәслихаттарға соңғы сайлау былтыр қазанның 29-ында өтті. Бұл жолғы сайлаудың қорытындысы ертең белгілі болады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.