ДИКТОР: Қазақстан мен Мажарстан құны 540 млн доллардан асатын бірлескен жобаларды пысықтап жатыр. Бұл туралы Президент Тоқаев кәрі құрлықтағы бауырлас елге мемлекеттік сапары кезінде айтты. Мажар компаниялары Қазақстанда зауыттар салуды көздеп отыр. Ал Будапештте бірлескен логистикалық хаб құру жоспарланды. Бұл Еуропа мен Орталық Азия арасындағы алыс-берісті арттыруға мүмкіндік беретін жоба.
РКС: Будапешттегі король сарайы. Қаладағы ең көрікті әрі тарихи ғимарат. Юнеско мұралар тізіміне кірген. Премьер-министр Виктор Орбан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты осы жерде сән-салтанатпен қарсы алды.
ШУМ
РКС: Виктор Орбан тәжірибелі саясаткер. 61 жаста. 2010 жылдан бері премьер-министр лауазымынан түскен жоқ. Оның батыл мәлімдемелері жиі сынға ұшырап жатады. Дегенмен, ол саясатта әрдайым ұлттық мүддені бірінші орынға қояды.
СНХ: ЖАНЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ, САЯСАТТАНУШЫ: Жалпы Орбанды евроскептик деп те атайды. Өйткені ол еуроодаққа үлкен реформалар қажет дейді. Мәселен АҚШ-қа Трамп сайланғаннан кейін Еуродақтың АҚШ-пен қарым-қатынасына жаңа көзқарастар керек деген мәселелер Орбан тарапынан айтылып келе жатыр. Орбан дәл сол мемлекетшіл адам. Себебі ол ең бірінші орында өз мемлекетінің мүддесін, сосын кейін еуроодақ ережелеріне бағыну екінші орынға түсіп тұр.
РКС: Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентімен кездесті. Тамаш Шуйокпен Шандор сарайында келіссөз жүргізіп, құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
ШУМ:
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазақстан мен Мажарстан ортақ тарих пен мәдениетке арқа сүйей отырып, екіжақты берік байланыс орнатты. Еуропадағы алғашқы елшілігіміз осыдан 30 жыл бұрын Будапешт қаласында ашылған. Мажарстан Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Мұны ерекше атап өту керек.
СНХ: ТАМАШ ШУЙОК МАЖАРСТАН ПРЕЗИДЕНТІ: Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан – бүгінде Орталық Азияда экономикалық даму тұрғысынан жетекші ел. Сіздің еліңіз үшін халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты сақтау – маңызды басымдық. Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылыққа зор үлес қосып келеді. Бүгінде елдеріміз көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты байланыстарды ілгерілетуге күш салып отыр. Біздің мәдени қарым-қатынасымыз ғасырлардан тамыр тартады.
ВИДОЕНАРЕЗКА:
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Биыл Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында біз өзара сенім мен ортақ мақсаттарға негізделген тығыз ынтымақтастықтың іргесін қаладық. Мажарстанның Қазақстанға құйған инвестициясы 370 миллион долларға жетті. Елімізде мажарлардың 70-тен астам компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында MOL Group және Gedeon Richter секілді компаниялар бар.
РКС: Мажарстандық компания Түркістан, Ақмола және Қостанай облысында құрама жем шығаратын зауыт салмақ. Қуаттылығы жылына 100 мың тонна. Ол Қазақстанды ғана емес Орталық Азия аймағын қамтамасыз етуге қауқарлы.
СНХ: ХОРВАТ ПЕТЕР, «UBM GROUP» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазақстанда біз аграрлық салада үлкен потенциал көріп отырмыз. Біз тәжірибемізбен, жаңа технологияларымен бөлісуге дайынбыз.
СНХ: АЙДАРБЕК САПАРОВ. ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: Біз қолдау көрсетеміз. Оның ішінде инвест субсидия бар, басқа да бар. Бұл кісілер өз ақшасын жүз пайыз кіргізетін болса бізге үлкен қолдау болады. Мал шаруашылғын дамытуға да, қалғанын экспортқа шығаруға да мүмкіндік бар.
РКС: Будапешт әуежайының маңайында бірлескен логистикалық хаб құру мәселесі пысықталып жатыр. Ол Мажарстан, Қытай және Қазақстан теміржолының үштігімен салынбақ. Аумағы 4,5 мың шаршы метр.
СНХ: АБЗАЛ САПАРБЕКҰЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЖАРСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Қазақстанның Бір белдеу – бір жобасының шеңберінде транзиттік-көліктік транзиттерін әртараптандыру. Оның ішінде, Каспий теңізі арқылы, Мажарстан арқылы Еуропа нарығына шығу. Себебі Мажарстан еуропаның қақ ортасында орналасқан, осы Будапешттің 300 шақырым айналасында 100 млн-ға жуық нарық бар. Ол бір жағынан тас жол, теміржол, әуежолы өте жақсы байланыста. 2-3 сағаттың айналасында осындай нарыққа шыға аламыз.
РКС: Сонымен бірге келер жылы Астана мен Будапешт арасындағы тікелей әуе қатынасы қайта жанданады.
СНХ: АБЗАЛ САПАРБЕКҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МАЖАРСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Келесі жылы жоспарлануда. Білесіздер бұрын Мажар компаниясы ұшып жүрді. Аймақтағы жағдайға байланысты лоукостер компания, олардың саясатына сәйкес келмейді. Келесі жылы Венаға мартта ұшады деп жоспарланған, артынша Будапештке жоспарланып отыр.
РКС: Cауда-саттық әлеуеті жоғары. Қазақстан құны 800 млн доллар болатын 100-ге жуық тауарды ұсына алады. Мажар үкіметіне тізімі ұсынылып, келіссөздер жүріп жатыр. Ал бүгін жалпы құны 230 млн доллар болатын келісімдерге қол қойылды.
СНХ: НҰРЛАН БАЙБАЗАРОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Қазақстан транспорт жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жобалар бар. Казавтожол компаниясымен бірге. Венгрия компаниялар жолдағы транспорт көлемін, соның бәрін анықтайтын ақпараттық жүйелерді енгізуге бағытталған жобалар.
РКС: Қос ел су саласындағы мамандарды дайындау жұмысында күш біріктірмек. Мажарстанның үздік оқу орындары Тараздағы жаңа университетпен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
СНХ: КӘМШАТ ТҮСІПОВА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Біреуі Корвинус университи. Ол гуманитарлық университет. Ол су ресурстары дипломатиясы жөнінде зерттеу жүргіземіз, бағдарлама құрамыз. Абуда университеті ол негізінен техникалық университет.
СНХ: МАРТОН КРАСНАЙ КОРВИНУС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ДИРЕКТОРЫ: Кеңес одағы кезінде Қазақстанда жақсы инженерлер болды. Алайда басқару жағы әлсіз еді. Таразда құрылған ұлттық университетте су бойынша экономика, дипломатияны да оқыту керек. Қазір Орталық Азия елдерінің білім бағдарламасында бұл жоқ. Алғаш рет Таразда қолға алынбақ. Оған біз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Болашақта ол жерде тек Қазақстанның ғана емес көршілес елдердің де студенттері оқиды деп ойлаймын. Үздік студенттер Будапештке, ал біздің профессорлар Таразға барып сабақ жүргізеді.