ДИКТОР: Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев қала тұрғындарын қабылдады. Кездесу барысында шаһар басшысына арнайы келген көкшетаулықтар өз мәселелерін айтып, түйткілді сұрақтарды ортаға салды.

РКС:Көкшетау қаласы әкімінің тұрғындарды қабылдауы ерекше форматта ұйымдастырылған. Қабылдауға шаһардың коммуналдық, құқық қорғау, әлеуметтік, экология, ветеринария бөлімдерінің басшылары шақырылып, қала тұрғындары өз мәселелерін жауапты басшыларға тікелей қоюға мүмкіндік алды.

СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Бізде Көкшетау қаласының әкімдігінің ғимаратында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевтің бастамасымен бірыңғай қабылдау өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта көбінесе тұрғын үй сұрақтары, мәселесімен келіп тұр, жол және абаттандыру мәселелері бойынша өтініштерін түсіріп жатыр. Алдағы уақытта осы өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жасалып,өтініш берушілерге жауап берілетін болады.

РКС: Кезекті қабылдауда халықтың басым көпшілігі тұрғын үйді ренновациялау, қаланың инфрақұрылымдық, сондай-ақ әлеуметтік қажеттіліктері туралы мәселе қозғады.

СНХ:ГҮЛНӘР ҚАРАҚАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз көптен толғандырған 3 мәселе бойынша өтінішпен жүгіндік. Біріншісі – Кирпичный шағын ауданына жуырда жаңа жол салынды. Бірақ жол белгілері орнатылмаған. Екіншісі, ол – жаяу жүргіншілерге арналған тротуар. Жаңа жол салынғанымен тротуар жоқ. Ал үшіншіден, біздің шағын ауданға екі қоғамдық көлік қатынайды. Оның өзі тек белгілі жұмыс кестесі бойынша, өте сирек жүреді. Осы барлық үш сұрақ бойынша тұщымды жауап алдық. Алдағы уақытта бұл мәселе оң шешілетініне сенімдіміз.

РКС: Бірыңғай қабылдауға 70-тен аса тұрғын келді. Барлық өтініштер бойынша жауапты басшылар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мәселелердің шешу жолдары жан-жақты қарастырылатынын жеткізді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ