ДИКТОР: Көкшетауда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форум өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен қазақ тілін жетік меңгерген этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Басқосуға қазақ тілінің сарапшы мұғалімдері де шақырылды.
РКС: Форумға қатысушылардың бірі - Ақкөл ауданындағы «Жастар рухы» жастар қанатының «Сөйле» әңгімелесу клубының жетекшісі Милана Скорик. Ол шарада мамандар қазақ тілін үйренудегі тәжірибесімен және бірегей әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
СНХ: МИЛАНА СКОРИК, АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ "СӨЙЛЕ" ӘҢГІМЕЛЕСУ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Негізінен, осы жылдан басталды, ақпан айынан бастап мен Ақкөл агротехникалық колледжінде "AMANAT" партиясының қолдауымен өзім қазақ тілі үйрену үшін "Сөйле" клубын аштым. Мен үшін қазақ тілі өте маңызды.
РКС: Бұл форум мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тілі ретінде насихаттау мақсатында ашық интерактивті алаң форматында өтті. Сондай-ақ, тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.
СНХ: ЭЛИНА МАСАГУТОВА, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РММ ДИРЕКТОРЫ: Мұнда келген әрбір адам осы жаңа техникаларды өз жұмыстарына енгізе алады. Яғни, бұл барлық өңірлерде кеңінен таралатын болады. Республика бойынша 35 Достық үйінде сөйлесу және қазақ тілі курстары жұмыс істеп тұр. Әркімнің өз бағыты, қызықты жобалары мен әдістері бар.
РКС: Іс-шараға қатысушылар үшін шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.