ДИКТОР: Жылыту маусымы басталғалы Степногорск қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі және пештердің жұмысы туралы 7 мың жадынама таратты. Бұл жолы мамандар Ақсу ауылындағы тұрғын үйлерді аралады.

ЛЮФТ: По электропроводке будьте осторожны, газовым оборудованием когда пользуетесь. Вот, возьмите памятку пожарной безопасности, здесь указаны правила пожарной безопасности, которые нужно соблюдать.

РКС: Степногорск қалалық азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарды жылыту маусымында үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруда. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге ерекше көңіл бөлінуде. Юлия Франц 6 баланың анасы. Төтенше жағдайлар қызметкерлері көп балалы отбасына жыл сайын келеді.

СНХ: ЮЛИЯ ФРАНЦ, АҚСУ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Көпбалалы отбасы ретінде үйімізге төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп, көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыны орнатты. Көп балалы отбасыларға қамқорлық жасап жатқандары бізді қуантады, алғысымыз шексіз.

РКС: Мамандар жер үйлерді аралап шығып, пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылуы болса анықтап, оны реттеудің жолын көрсетті. Бірнеше үйге арнайы құрылғы орнатып, мұржаларын тазартуға қол ұшын беруде.

СНХ: СӘКЕН САЛПЫҚОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: Өрттің алдын алу іс-шаралары барысында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қалада және жақын ауылдарда жеке меншік үй секторына құрылғы орнатып жатыр. Жылу беру маусымында және күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы тексерілуде. Жылыту маусымы басталғалы барлығы 66 құрылғы орнатылып, 33 мұржа тазартылды.

РКС: Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқиғасы мен көмірқышқыл газына улану деректері азайды,- дейді мамандар. Қала мен іргелес ауылдардағы мектептердің оқушыларына дәрістер оқылып, түрлі брифингтер ұйымдастырылуда.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.