ДИКТОР: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын, қарымды қаламгер, драматург, әйгілі манасшы Баянғали Әлімжанов -70 жаста. Өнер иесінің мерейлі мерейтойы қарсаңында Көкшетауда "Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің..." атты әдеби кеш ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Аудан орталығындағы шараға жиналған студенттердің қарасы қалың болды. Барлығы ақынның шығармашылығымен жақсы таныс.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚАЗБЕК АЯУЛЫМ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Баянғали Әлімжанұлы көптеген лирикалық шығармалармен, 50-ге жуық филосифиялық өлеңдермен танылған авторлардың бірі. Біз Баянғали Әлімжановтың көптеген шығармалырымен, пьесаларымен таныспыз. Соның бірі бізде Қожанасыр, Қайран кемпірлер мен шалдар комедиясы. Сонымен қатар, Мағжан Жұбаевтың "Батыр баян" поемасын сахналы түрде жазған авторлардың бірі.
РКС: Баянғали Тақанұлы Степняк қаласындағы Абай атындағы орта мектепте оқып, кейін кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдап, өзінің алғашқы еңбек жолын Сәбит Мұқановтың мұражайында ғылыми қызметкер болып бастады. Ал, 2001 жылдан бері шығармашылық жолда.
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Баянғали Әлімжанов ағамыз қазақтың біртуар дарынды ұлы. Біртуар дарынды тұлғасы. Қазақ елінің, қазақ жұртшылығының мақтанышы деп білемін. Бәйекеңнің өнерге, әдиебетке, өнердің қай саласы болсын атқарған шаруасы ұлан қайыр. Ерекше талантты адам. Оны үлкен бір зерттеуші әдейлеп зерттеп айтпаса Баянғали туралы айтасалудың өзі ауыр. Өте шығармашылығы ауқымды.
РКС: Баянғали Әлімжановтың қаламынан сахналық туындыларда жарық көрді. Оның пьесаларының бәрінде де әлеуметтік терең мән, рухани зардаптарды әжуамен әшкерелейтін өткір ой жатыр. Баянғали Әлімжанов жиырмаға жуық пьесаның, көптеген шағын сахналық шығарманың авторы. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Баянғали Әлімжановтың "Құдалық" комедиясы үлкен аншлагпен өтіп, көрермендердің ыстық ілтипатына бөленген еді.
СНХ: МАНАРБЕК ҚЫДЫРБАЙ, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: Бұл кісінің драмургиясы да бір өзгеше әлем. Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Баянғали ағаның көптеген драмургиялық шығармалары сахналанған. Айтап айтатын болсақ, құдалар, 30 тілден шыққан сөздер комедиясы. Кезінде халыққа жақсы қабылданды. Көрерменнің әлі күнге дейін ауызынан түспейді. Көрерменнің сағынып, аңсап айтып жүретін қойылымдардың қатарында.
РКС: Баянғали Әлімжанов 40 астам кітаптың және ондаған ұжымдық жинақтың авторы. Он алты томдық Шығармалар жинағы жарық көрген, талантты қаламгер.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ