ДИКТОР: Осы жексенбіде мәслихат депуттарының сайлауы өтеді. Саяси дода жақындаған сайын кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түскен. Бүгінде аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардағы бос орындарға 30 үміткер тіркелді. Соның бірі - "AMANAT" партиясының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.

РКС: Берген Беспалинов және оның сенімді өкілдері облыс орталығындағы Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің мұғалімдерімен кездесті. Өзің сайлауалды бағдарламасын ұсынып, дауыс беруге шақырды.

СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, БЕРГЕН БЕСПАЛИЕВТІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ: Берген Маратұлы Беспалиновтың сенімді өкілі ретінде айтарым. Мен Берген інімді ұзақ уақыттан бері әртүрлі қызметтегі, әртүрлі саладағы еңбектерін білемін. Ол ешқашан заң бұзбаған мемлекетшіл тұлға. Берген Маратұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында менің басты міндетім Отанға адал қызмет атқару деп жазған болатын. Маған осы сөзі қатты әсер етті. Отанға адал қызмет ету деген сөз ол әркімнің атқарып отырған міндетін адал атқару. Алдына келген адамдармен жақсы сөйлесу. Осы орайда, Берген Маратұлының бағдарламасында Көкшетау қаласын көркейту, білім саласын жетілдіру, халыққа қызмет көрсету саласын жақсарту, жол, су мәселесін. Барлық мәселелерді қамтып отыр. Осы міндеттерді егер облыстық мәслихат депутаты болып сайлана қалса, Берген Беспалинов абыроймен атқарып шығатынына сенімдімін. Бергенге сенейік, Бергенге дауыс берейік!

РКС: Көкшетаулық мұғалімдер мәслихат депутатына кандидат Берген Маратұлының сайлауалды бағдарламасын талқылады. Ұлағатты ұстаздар білім беру саласындағы бастамаларына баса назар аударды.

СНХ: АЯУЛЫМ ТӨКІМОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: IT мектеп-лицейіне "AMANAT" партиясының төрағасы Берген Маратұлы келген болатын. IT лицейіміздің мұғалімдерімен кездесіп, өзінің жобаларын ұсынды. Мұғалімдер тарапынан сұрақ қойылып, қажетті сұрақтарға жауап алдық.

РКС: Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарын сайлау бойынша республикалық бюджет қаражатынан төленді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ