ДИКТОР: Көкшетауда 2010 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасындағы су добынан ел чемпионатының 2 туры өтті. Ауқымды жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 команда өзара бақ сынады.
РКС: Бірнеше күн бойы "Бурабай" спорт сарайының бассейні қызықты және тартысты ойындар алаңына айналды. Қатысушылар жоғары техника мен тактикалық дайындықты көрсете алды.
СНХ: МҰХАМЕДЖАН РАҚЫМЖАН-ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АҚТАУ ҚАЛАСЫ): Бұл біздің алғашқы ойынымыз. Көңіл күйіміз жақсы, біз ойнауға дайынбыз. Бұл турда ең қиыны ол бірінші ойын.
РКС: Чемпионатты ұйымдастыру кезіндегі негізгі міндеттер жайлы су добы бойынша облыстың аға жаттықтырушысы бөлісті.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚАПЕЗОВ-АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ СУ ДОБЫ БОЙЫНША ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Бірінші орында командаларды жақсы қарсы алып, барлығы жоғары деңгейде өтетінін бақылау. Қала тұрғындарына бұл спорт түрінің дәрежесін көрсету. Бұл өте керемет спорт түрі. Осы спорт түрімен әрдайым айналысу қажет.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастар арасында спортты насихаттауда шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ, облыс орталығының спорттық имиджін нығайта түседі.
СНХ: АСЫЛЖАН ӘЛМЕРДЕНОВ - "БУРАБАЙ" МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Облыста 2017 жылдан бастап су добы қарқынды дамуда. Жасөспірімдер арасында чемпионат өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап бірнеше дүркін Қазақстан республикасының чемпионы атандық, алдынғы жылы 2008 жылдар арасында біздің команда чемпион атанды.
РКС: Финалдық турға тек 4 команда өтеді. Жарыс 4 желтоқсанда аяқталады.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.