ДИКТОР: Өндірістік және инвестициялық сала - облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Атап айтқанда, өнеркәсіп секторы аймақ экономикасының үштен бірін құрайды. Өңірде 1300-ге жуық кәсіпорын жыл сайын 1,7 трлн теңгеден астам тауарлық өнім өндіреді.
РКС: Биыл облыс экономикасына шамамен 400 миллиард теңге инвестиция тартылды. 200-ден астам жоба іске асырылып жатыр. Өнеркәсіптің негізгі салалары – металлургия, машина жасау, құрылыс және азық-түлік өндірісі. Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі де артты.
СНХ: ЕРНАР ЖАРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өңірде ауыл шаруашылығы саласы мемлекет қолдауының арқасында дамып келеді. Мәселен, биыл 5%-тік лизингке ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 100 млрд. теңге бөлінді. 40 млрд теңгеге аграршылар өңіріміздің «КазРост Инжиниринг», «КАИК» сияқты ірі кәсіпорындарынан ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
РКС: Инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Аршалы ауданында «Aqmola» индустриялық аймағы құрылды. Астанада ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталған «AQMOLA INVEST» инвестицияларды дамыту орталығы жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі.
СНХ:ЕРНАР ЖАРКЕШОВ, ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде бұл салада 145 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Мемлекеттің қолдауы мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қазір осы сектордағы көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалады. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес саласындағы өндіріс көлемі 805 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% - ке жоғары. Шағын және орта бизнестің экономикаға қосқан үлесі 31% - ке дейін өсті.
РКС: Ауыл-аймақтарын дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – ел саясатының басым бағыты. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 40 млрд. теңгеден астам қаражатқа 300-ден астам жоба жүзеге асырылды. Сауда-экономикалық көрсеткіштері де тұрақты өсуде. 10 айда тауар айналымы 1 трлн-нан асты. Аймақта туризм саласы дамып келеді. Жыл басынан бері облысқа 800 мыңнан астам турист келген.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ