ДИКТОР:«Аманат» партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Жиын күн тәртібінде заңсыз берілген, сондай-ақ игерілмеген, тиімсіз пайдаланып жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылды.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жат¬қан және жеке меншікке заң¬сыз берілген ауыл шаруашылы¬ғы жерлерін мемлекет меншігі¬не қай-тару жөнінде тапсырма берген. Бұл тапсырманы жүзеге асыру мақсатында 200 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Қазір 92,4 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
СНХ: АЯН БЕКСЕИІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Мемлекет меншігіне қайтарылған жер 46,2% . Оның ішінде егістік – 19,9 мың га, жайылым – 71,7 мың га, өзге де жерлер – 0,8 мың га. Сондай-ақ меншік иелерінің өз еркімен бас тартқан -59,7 мың га, Ал жалдау мерзімі аяқталған -15 мың га. Құқық берілетін құжат күшінің жойылуына байланысты-6,6 мың га жер.
РКС: Айта кетейік, облыс бойынша 2022-2023 жылдар аралығында 506,8 мың га жер мемлекетке өткізілді. Алайда, мамандардың айтуынша, құзырлы органдардың жерді ерікті түрде қайтару бойынша жүргізіп жатқан шаралары жер иелерінің қарсылығын туғызуда.
СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, игерілмей жатқан жерді мемлекетке қайтару мерзімі екі жылға дейін уақытты талап етеді. Алайда, іс жүзінде сот даулары ұзаққа созылады.
РКС: Отырыс соңында қатысушылар атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жылға жоспар бекітті. Басымдықтардың қатарында-жер процестерінің ашықтығын одан әрі арттыру және жер ресурстарын пайдалануды бақылауға жұртшылықты тарту.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЪЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ