ДИКТОР: Соғыс ардагері, қоғам қайраткері Бүркітбай Батырхановтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Ескерткіш тақта Бүркітбай Батырхановтың өзі тұрған үйдің қабырғасына ілінді. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, туған-туысқандары жиналды.
РКС: Бүркітбай Мәсіпұлы 1924 жылы Айыртау ауданы, Ботай ауылында дүние есігін ашқан. Көкшетау педагогикалық училищесін 1941 жылы бітірген соң, қан майданға аттанды. Батыс Украинаны, Польшаны, Чехословакияны азат етуге қатысқан. I дәрежелi Отан соғысы орденiмен, «Ерлiгi үшiн» және 20-дан астам өзге де медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін жауапты лауазымдарда жұмыс істеп, өңірдің дамуына белсене қатысып, өз үлесін қосты.
СНХ: ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ,ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Көкшетау қаласында еліміздің ардақты ағасы болған, партия совет қызметкері, қызметіне адал қызмет еткен адалдық пен тазалықтың символындай болған Бүркітбай Мәсіпұлы Батырхановқа ескерткіш тақта ашып отырмыз. Бұл елдік іс, бұл ертеңгі ұрпаққа керек. Біз өзіміздің кешегі күні Ұлы Отан соғысында ерлікпен өзінің Отанын қорғаған одан кейін елге адал қызмет еткен ағалардың ерлігіне қашан болсын басымызды иеміз. Сол ерлікті бүгінгі ұрпаққа дәріптеу арқылы халықтың есінде сақтау үшін осындай шаралардлың өткізіліп жатқанын елдік іс деп санаймын.
РКС: Тың игеру ісінде де өзіндік қолтаңбасы бар майдангерге құрмет көрсетілді.Мемориалды тақта Бүркітбай Батырхановтың 100 жылдығына орайластырылған. Майдангердің ұлы Шынарбек Батырханов өзінің естелігінде әкесін былай деп еске алады.
СНХ: ШЫНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰЛЫ: Біз өте қуаныштымыз, өте ризамыз. Осы үйде қаншама жыл тұрып, әкеміз үлкен қызметте болған. Жас кезінен мысалы Айыртау ауданының Ботай елінің тумасы ғой сол жерде еңбек жолын бастаған. 1945 жылы соғыстан оралып, осы Көкше жерінде өмір бойы қызмет етті. Ол кісінің өмірде көргені көп, соғыста да болды, өмір бойы адал еңбек етті, сонысына қарап біраз дәрежеге жетті.
РКС: Шара соңында жиналғандар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, майдангер рухына тағзым етті.
ИНТЕРШУМ:
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ