ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебі Щучье филиалының түлектері ант қабылдады. Салтанатты рәсім Көкшетау қаласында өтті. Бұл жолы 54 әскерге шақырылушы балама әскери қызметінен өтті.
РКС: Шара Мемлекеттік Туды шығарылып, әнұранын орындаудан басталды. Түлектерге әскери-техникалық мектептің Щучье филиалының директоры жас сарбаздар таңдаған жолдың, Отан алдындағы борышын өтеудің маңыздылығын атап өтті.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Щучье филиалы өзі жылына 7 шақырым болады. Әр шақырымда 30-35 адамнан жоспар бойынша. Сол жылына 250-270 адамға дейін біз шақырымға 24 жасқа толған жастарды, соларды осы жерде оқыту – 40 күнді оқуды өткіземіз. Биылғы жылдың 7-ші шақырымы осы ант қабылдау рәсіміне кірісейін деп отыр. Еліміздің амандығы, тыныштығы болсын деп айтамыз. Осы жастарымыз – ертең біздің қорғанымыз, біз оларға сенеміз. Оларға біз аманат.
РКС: Түлектер жеделдетілген бағдарлама бойынша дайындалады. Оқу барысында әскерге шақырылушылар атыс, тактикалық, саптық және далалық дайындықтан өтті. Әскери-техникалық мектепті бітіргеннен кейін олар аумақтық қорғаныс резервінің бригадасына қабылданып, тұрғылықты жері бойынша қызметін жалғастыра алады.
СНХ: МИРАС АБИ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Әскерге келген себебіміз – өйткені әр азаматтың құрметі, махаббаты өз Отанына. Және де әр азаматтың өз еліне міндетін Отанға келдік. Мен скрипачпын, скрипканы ойнаймын. Астанада 5573 әскери бөлімінде жұмыс жасаймын. Және де осы жаққа келген себебім – өз Отанымның алдындағы борышымды өтеуге келдім.
РКС: Курсанттарды қолдау және құттықтауға туыстары мен жақындары келді. Әскери-техникалық мектеп басшылығы курсанттардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті. Ант қабылдағаннан кейін курсанттарға әскери билет алуға құқық беретін сертификат берілді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.