ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар нысанды аралап, жауапты сала мамандарын сыңға алды. Елдімекенде "Сиреневый сад" және "Diamond Park" тұрғын үйлері сақалы құрылыстардың қатарында еді. Бүгінгі таңда құрылыс аяқталуға жақын.

РКС: Сақалды құрылыс мәселесін тез арада шешу мақсатында бірқатар компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Алдымен "Сиреневый сад" және "Diamond Park" тұрғын үйлерінің құрылысын аяқтау міндеті қойылды. Себебі, бұл баспаналардың кірпіші 2014 жылы қаланған еді. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жұмысқа 80 адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өңір басшысы мердігерлерге жұмыс барысында туындаған мәселе болса, оны тез арада шешу үшін қолдау көрсететінің алға тарты.

РКС: Бұдан соң, облыс әкімі шаһарда бой көтеріп жатқан "Viamedis" медициналық орталықтын жәй-күйімен танысты. 300 орындық емхананың құны 28 млрд.теңгеден астам.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Медициналық орталық 2026 жылы ел игіліне беріледі деп жоспарланып отыр. Емхана қосшылықтардан бөлек, Целиноград, Ерейментау, Аршалы, Астрахан, Егіндікөл, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындарын қабылдайды. Жаңа ауруханаға білікті мамандарды тарту үшін қызметкерлерге арналған тұрғын үй де бой көтермек.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ