ДИКТОР: Степногорск қаласында бизнес-форум өтті, оған облыстың кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, қала әкімі Қайдар Қасенов, қалалық прокуратураның, қала тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлердің өкілдері қатысты. Шара барысында өңірдегі шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ даму институттары шеңберінде кәсіпкерлерді қолдау құралдары талқыланды.

РКС: Биыл Степногорск қаласында қаңтар-маусым статистикасына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері 90,8 млрд. теңге сомасына өнім шығарды. Бизнес - ахуалды жақсарту үшін қала әкімшілігі кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін қарастырып, оларды шешу жолдарын іздеді. Билік пен бизнес өкілдері арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған шаралар ұйымдастырады.

СНХ: ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, "АТАМЕКЕН" ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда қаланы немесе аймақты алға жылжыту үшін инвестиция тарту керек екенін түсінуіміз қажет. Ол үшін қолайлы бизнес-инвестициялық климат құру керек. Менің ойымша, егер сұрақтар жүйелік сипатта болса біз барлық мәселелерді жалпы бақылауға аламыз және болашақта олардың шешімдерін облыстық және республикалық маңызы бар деңгейде ілгерілетуге болады.

РКС: Бизнес-форумда ауыл шаруашылығы тауарлары, қолөнер бұйымдары, азық-түлік өнімдері ұсынылған көрме өтті. Қатысушылар өнімдердің дәмін татып, тауарлар мен қызметтер бойынша кеңес ала алды. Гүлмайра Баймақова шаруа қожалығының иесі. «Корова на балконе» жобасының жетекшісі. 2020 жылы өзінің ерекше идеясын жүзеге асырды. Табиғи сүт өнімдерін қажет ететін қала тұрғыны сиырды өз ақшасына сатып алып, оны ауыл тұрғынына бағуға береді. Жауапты адам өз кезегінде төрт түлікті өсіріп, қала тұрғынына сүт өнімдерін жеткізіп отырады.

СНХ: ГҮЛМАЙРА БАЙМАҚОВА, «КОРОВА НА БАЛКОНЕ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жобаның көптеген артықшылықтары бар. Мысалы ауыл тұрғыны қала тұрғынының үйіне дейін өнімді жеткізеді. Бұл 2 келі сүзбе, 1 литр қаймақ, 3 литрлік майсызданған сүт пен сондай-ақ 10 литр сарысу. Міне, олар бұл өнімдерді 5 күн ішінде тұтыну және игеру қажет.

РКС: Жадыра Мұхамеджанова-көп балалы ана. Биыл өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыру үшін грант жеңіп алған.

СНХ: ЖАДЫРА МҰХАМЕТЖАНОВА, КӘСІПКЕР: Біз алғашында өзіміздін малдарымыз бар, малдарымыз аттап біз қазір өзіміздін еттерімізден табиғи колбаса өндіріп шығарамыз. Менің балаларым табиғи өнімді жегенін қаладым да, мен балаларыма арнап колбаса шығаруды шештім. Қазіргі таңда менің тұтынушыларым өте көп. Бұл менің ет алып жүрген бұрыңғы клиенттерім болатын. Қазіргі таңда жаңа жаңа клиенттер қосылып жатыр. Алдағы уақытта Қазақстанның аймақтарына колбасаларымды сатқым келеді.

РКС: Бүгінгі таңда өңірлік кәсіпкерлер палатасының атына бизнес ашу үшін 168 өтініш келіп түсті, оның 94-і оң нәтижеге қол жеткізді. Оның сомасы 148 млн теңгеден асады. Сарапшылар өтініштер әртүрлі, бірақ бұрынғыдай жер қатынастары көш бастап тұрғанын атап өтті. Кездесу соңында кәсіпкерлер еркін микрофон форматында өздерінің сұрақтарын қойды. Бірқатар кәсіпкерлер экономиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.