ДИКТОР: Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" жобасы шеңберінде ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы ашылды. Мақсат балаларды оқыту және тәрбилеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым қатынасын күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту.

РКС: Шолпан Ахуанқызының білім беру саласындағы еңбек өтілі 40 жылдан асады. Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында оның бүгінде үшінші немересі білім алуда. Оқушылардың білімді, тәрбиелі болып ержетуіне ортасы мен ұстаздарына тікелей байланысты,- дейді ол.

СНХ: ШОЛПАН АХУАНҚЫЗЫ, АТА-АНА: Бұл мектептің тәлім тәрбиесін мен өте жоғары бағалаймын. Өйткені ұлттық тәрбие бар. Балаларымыз өзіміздің ана тілімізде сөйлейді. Үлкенді сыйлайды. Мына кабинет тәрбие жұмысын жүргізуге өте қолайлы. Бұл қазіргі заманның талабы. Мұғалім мен ата-ана бірігіп жұмыс істегенде жақсы нәтиже болады.

РКС: Мұғалім, оқушы, ата-ана үштігі мектептегі білім мен тәрбие шеңберінде бірлесе жұмыс істеуі шарт. Бұл қадам саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытында өз жемісін бермек.

СНХ: АНАРГҮЛ ҚҰРМАШЕВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орталықтың тәрбиелік маңызы зор болады деп ойлаймын. Ата-аналар айына бір рет келетін болады. Және бұл орталықтың бір қанаты ретінде "Даналық мектебі" деген жұмысы бар. Оның мақсаты әкелер мектебі, әжелер, аналар алқасы бар.Олар ұлттық тәрбиеге негізделген жұмыстарды атқарады.

РКС: Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында ашылған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы мен даналық мектебі шеңберінде алда бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ