ДИКТОР: Көкшетауда Кеңес одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованы 100 жылдығына орай қыздар арасында пневматикалық мылтықтан нысана ату бойынша республикалық турнирдің облыстық іріктеу кезеңі өтті. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Байқау 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 10 жылда алғаш рет облыстық турнир Көкшетауда өтті. Турнирге 13 команда, 52 қыз бала, яғни 17 жасқа дейінгі Көкшетау, сонымен қатар Қосшы, Целиноград, Атбасар, Зеренді мен Бурабай аудандардан келген оқушы мен студенттер қатысты.
СНХ: ЗЕЙНЕП НҰРАЛИНОВА, ҚАТЫСУШЫ: Жарысқа қатысып жатырмыз. Өте қызықты. Енді бірінші орынды алуымыз мүмкін деп ойлаймыз. Кеше келдік, жарыстың бірінші күні болды. Дайындық күн сайын шамамен 6 сағат болды.
СНХ: ТОМИРИС КЕНЖЕТАЙ, ҚАТЫСУШЫ: Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналып жатыр Мерген ару-2024 жарысы. Осы жарыс қалалық және аудандық жарыс болып келеді, яғни 12 команда келіп жатыр. Барлықтарына мен сәттілік тілегім келеді. Менің ойымша әрбір осы жарысқа қатысып отырған жанға оңай емес. Бұл оңай жаттығу емес.
РКС: Жарыстың облыстық кезеңінде жеңіске жеткен команда 2025 жылы наурыз айында республикалық кезеңге қатысып, Ақмола облысының намысын қорғауға тырысады.
СНХ: МЕЙІРБЕК МҰХАТАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТУРИЗМ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ АӘД ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұдан бір жыл бұрын Ақтөбе қаласында Жас сарбаз республикалық әскери-патриоттық жастар қозғалысының аясында республикалық турнир өткен болатын. Оған Ақмола облысы қатысты, жақсы өнер көрсеткен болатын. Осы жылы Ақмола облысы білім басқармасымен және біздің орталығымыздың шешімімен осы облыстық турнир жоспарға енгізілген болатын. Осы жылдан бастап дәстүрге енетін болады. Әр жыл сайын өткізіліп және де республикалық кезеңге іріктеу ретінде болады.
РКС: Жарыс нәтижесінде І орынды Бурабай ауданының командасы жеңіп алды. 2-ші орынды Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, ал 3-ші орынды Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжі командалары иеленді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ