ДИКТОР: Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов жұмыс сапары аясында Бурабай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, саланы дамытуға бағытталған жобалар туралы баяндады.
РКС: Сөз басында Евгений Кочетов мәдени нысандардың құрылысына тоқталды. Мәселен мәдени саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында ірі қалалар мен ауылдық жерлерде мәдени нысандар бой көтеруде.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бар. Осы бағдарлама аясында республикалық және облыстық бюджеттен ауылдық елді-мекендерде мәдени инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлінеді. Биыл облыс бойынша 9 жаңа мәдени нысан бой көтеріп, ал 97 мәдени нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 3 ғимарат реконструкциядан өтті.
СНХ: АРАЙ САДЫҚОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бурабай ауданында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамыту бойынша биыл Зеленый Бор ауылында орналасқан Мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Щучинск қаласының мәдениет үйінде қайта жаңарту жүргізіліп жатыр. Ол жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі. Мәдениет ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Сондай-ақ жуырда Щучинск қаласында тұрмыстық-зорлық зомбылық құрбандарын қолдауға арналған «Үміт» дағдарыс орталығы мен «Тұран» жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру орталығы пайдалануға берілді.
РКС: Мемлекет Басшысы өз Жолдауында креативті индустрияны дамытуды тапсырған болатын. Жиында вице-министр Евгений Кочетов креативті индустрия экономиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс және осы бағыттағы жобаларға мемлекет тарапынан қолдау болатынын жеткізді.
СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Қазір мәдени саланы дамытуға бағытталған көптеген мүмкіндіктер бар. Шығармашылық жобаларға биылдан бастап грант бөліне бастады. Ол дарынды жастардың тың идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір креативті индустрия саласында салық режимі енгізілді. Осы салада жеке кәсібін тіркеген азаматтар үшін төмендетілген салық төлемі қарастырылған. Яғни, жеке кәсіпкерлер үшін 4 процент, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін 8 процентке дейін болмақ.
РКС:Іс-сапар соңында мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, қосымша қарастыруды талап ететін мәселелерді жеке бақылауына алды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ