ДИКТОР: «Жас ұрпақ» бірлестігінің қатарына 20 оқушы қабылданды. Бүгінде облыс мектептерінде көптеген балалар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы, әскери-патриоттық, азаматтық-әлеуметтік бағыттары бойынша жұмыс істеп келеді. Олардың ішінде республикадағы алғашқы «Жас ұрпақ» бірлестігі - балаларды әлеуметтік бастамаларға біріктіретін қозғалысы.

РКС: «Жас ұрпақ» бірлестігіне Көкшетау қаласының пилоттық мектептердің 6-10 сынып белсенді, озат оқушылары қабылданды. Олардың кейбіреулері өздерінің ғылыми жобаларын, соның ішінде №11 мектеп-гимназиясының оқушысы Рустам Лукманның робототехника жобасын ұсынды.

СНХ: РУСТАМ ЛУКМАН, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен 5-сыныптан бастап робототехникамен айналысамын, бүгін «Жас ұрпақ» бірлестігінің қатарына қосыламын. Мен бесінші сыныптан бастап айналысып, облыстық және республикалық жарыстарға қатыстым. Республикалық жарыстарда екінші орын, ал облыстық жарыстарда екінші және үшінші жүлдегелі орынды иелендім.

РКС: «Жас ұрпақ» бірлестігі Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және Ақмола облысының білім басқармасы бірлесіп құрылған. Іс-шараға әкімдік, прокуратура, полиция, әділет, экономикалық тергеу департаментінің өкілдері қатысты.

СНХ: РУФАТ ҚҰТТЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Бұл жоба өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудің ең үздік идеялары мен бастамаларын біріктіретін бірегей бағдарлама болмақ. «Жас ұрпақ» жобасы еліміздің саналы, патриоттық және мәдени тұрғыда дамыған азаматтарды қалыптастыруға бағытталған. Біздің мақсатымыз тәрбие жұмысын, барынша озық бағыттарын біріктіре отырып балаларды жас ерекшкліктерге қарай тәрбиелеп біріңғай жүйесін жасау. Жоба аясында 4-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі оқушылар тек білім алып ғана қоймай, үлкенге құрмет, Отанға сүйіспеншілік, тұрмыстық қауіпсіздік, әдеп-қағидаларын меңгеру сияқты өмірлік құндылықтарды бойына сіңіреді.

РКС: Республикалық бірлестігінің мүшелері конкурстар, жобалар, түрлі деңгейдегі жарыстарға, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық бағыттағы және басқа да көптеген іс-шараларға қатысатын болады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.