ДИКТОР: 2023 жылы Ақмола облысында 97 мәдениет нысанының құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 9 жаңа мекеме салынып, 3 нысанға жаңарту жұмыстары жүргізілді. 85 ғимарат жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан өтті. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде айтылды.

РКС: Еліміздегі мәдениет саласында қазір бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Мемлекеттік саясат шеңберінде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Шығармашылық бастамаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінуде.

СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ МИНИСТРІ: Арнайы қор құрамыз. Ол Ақмола облысында да жүзеге асатын болады. Оның филиалдары мен өкілдіктері шығармашылық хабтар деп аталатын болады. Бүгінде республика бойынша оның 10-ын аштық. Бұл жобаны «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Ал келесі жылы шығармашылық хаб міндетті түрде Ақмола облысында ашылатын болады деп ойлаймын.

РКС: Вице-министр маңызды оқиғаларды жариялауда және халыққа объективті ақпаратты жеткізуде басты рөл атқаратын медиа қауымдастығы қызметінің маңыздылығына тоқталды. Күшіне енген онлайн-жарнама және онлайн-платформалар туралы заңға ерекше назар аударылды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ МИНИСТРІ: Біріншіден, біз блогерлер үшін жарнамалық таңбалау міндеттемесін енгіздік. Бұл бүкіл әлемде қолданылған өте дұрыс шара. Кейбір блогерлер мен журналистер бұған үрке қарайды. Бірақ бұл дұрыс бағыттағы қадам болғанын уақыт көрсетті. Өйткені халықтың өз ақшасын, сенімін бағыттайтын нарық бар. Жалған ақпарат тарату бар. Әлеуметтік желілерде кейде шындыққа жанаспайтын ақпарат жарияланады. Оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан бұл бапты қайтадан қарадық.

РКС: Евгений Кочетов кино саласына да ерекше тоқталды. Қазіргі уақытта бюджетті бөлу жүйесі қайта қаралды. Енді қаржылық қолдау тек жұмыс істеп жүрген режиссерларға ғана емес, өз жобасын жүзеге асырғысы келетін барлық үміткерлерге берілмек. Елімізде сондай-ақ, баспа қызметі белсенді жұмыс істеуде. 2023 жылы 346 мың дана таралыммен 134 кітап шығарылған.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ