ДИКТОР: Степногорск қаласында психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға жартылай стационарлық қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 2023 жылдан 2025 жылға дейін "Малика" қоғамдық бірлестігі шамамен 90 млн.теңге сомасына көмек көрсетеді.
РКС: Бұл орталыққа жыл басынан бері 30 адам, оның ішінде церебральды сал ауруы бар адамдар келеді. Мұнда барлығы 8 арнайы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Ол үшін барлық қажетті жабдық бар.
СНХ: ДИНАРА СӘДУӘҚАСОВА, «МАЛИКА» ҚБ ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ: Олар толығымен қамқорлықпен сүйіспеншілікке бөленген. Жан-жақты дамуда. Ұсақ моторикамен және жалпы моторикамен айналысады. Айта кеткім келеді, ең бастысы, балалар ашыла бастайды. Олар қоғамда өздерін керемет сезіне бастады, бұл ең бастысы, үлкен жетістік деп санаймын. Мемлекет олардың дамуына мүмкіндік жасайды. Соның негізінде, біздің орталыққа ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көбірек келеді.
РКС: Орталыққа келетіндердің арасында 56 жасар азамат бар. Көрсетілетін қызметті алушылармен емдеу-дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік қызметкер, логопед-дефектолог, психолог, массаж жасаушы және тәрбиеші айналысады.
СНХ: ОЛЬГА ХОМЯКОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: Біз мұнда көп нәрсемен айналысамыз. Біз олардың бойындағы шығармашылықты дамытамыз, сурет саламыз, мүсіндейміз, тігеміз. Сондай-ақ бізде жаңа нәрсе бар-биыл қуыршақ театрын өткізе бастадық. Міне, олар осы шығармашылықты, бағытты зерттейді. Біз оларға күн сайын көңілді атмосфера құруға тырысамыз.
СНХ: НАТАЛЬЯ КРИВОБОК, ЕМДЕУ-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУШЫ: Олар бізге келеді, олар тіпті тренажердың не екенін білмеді. алмады. Онымен мүлдем жаттығу жасай алмады. Бірақ уақыт өте келе мен оларға бәрін үйреттім. Енді олар жолақ алаңында жүгіріп жүр. Массаж кезінде олар тіпті ұйықтап демалады.
РКС: Жақында қамқорлыққа алынғандардың құрамы екі қызбен толықтырылады. Мамандардың айтуынша, ата-аналар ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамда және қарым-қатынаста шектемеуі керек. Себебі олар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған орталық бар.
САБИНА ЖАМШИТОВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.