ДИКТОР: Жыл сайын желтоқсанның 1-інде атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «Дұрыс жолды - адам құқықтары жолын таңдаңыз» ұранымен арнайы іс-шара өтті. Акцияға 600-ден астам оқушы мен студенттер қатысты.
РКС: Бастама жастардың АИТВ/ЖИТС мәселелері жөнінде сауаттылығын арттыруға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушыларға аурудың таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы ақпарат ұсынылды. Бағдарламада бейнероликтер мен қойылымдар көрсетілді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МӘЛИКА НҰРМАШЕВА, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі іс-шарада біз АИТВ-инфекциясы, берілу жолдары, сақтық шаралары және осы мәселеге тап болмас үшін не істеу керектігі туралы көптеген пайдалы ақпарат білдік. Бұл іс-шара болашақта осы мәселеге тап болмас үшін өскелең ұрпаққа өте пайдалы. Көп рахмет!
РКС: Сондай-ақ, іс-шара аясында қоғамның сауаттылық деңгейін арттыруға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. «Кокше» телеарнасының редакторы Эдуард Погребицкий ерекше атап өтілді, ол халықты АИТВ туралы ақпараттандыруға, кемсітушілікке қарсы күреске де зор үлес қосқан.
СНХ: ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, «КОКШЕ» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ РЕДАКТОРЫ: АИТВ-мен ауыратын адамдар қауіпті емес. Олармен дос болып, қарым-қатынас жасауға болады. Олардың бізден айырмашылығы жоқ адамдар. Бұл ауру жиі жағымсыз ойлар тудырады. Көбінесе олай емес. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.
РКС: Акция қоғамдағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам, сондай-ақ әрбір адамның құқықтарының қорғауда бірлескен күш-жігердің қажеттілігін еске салды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.