ДИТКОР: Көкшетауда тоғыз қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. 48 пәтердің кілтін облыс әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде табыстады. Жаңа тұрғын үй Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бүгін көпбалалы ана Жазира Қаппасова баспаналы болды. Ол үй кезегінде 6 жыл тұрған. Ананың қуанышында шек жоқ.
СНХ: ЖАЗИРА ҚАППАСОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: 4 кішкентайым бар. Осы үйге 6 жыл бұрын очередьқа тұрған едік. Бүгін Алла жарып әкім облыстың атынан үйдің кілтін алып отырмыз. Мыңда бір рахмет! Алда осы жолды басқаларға, жастарға берсін.
РКС: Сарыарқа шағын ауданында бой көтерген әсем үй жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне берілді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Дана қазағымыз айтады ғой "баспана - ол бақыт кілті" деп. Сондықтан, баспаналы болып жатқан азаматтарға қоныстарыңыз құтты болсын деп үйлеріңізге құт береке болсын және жақсылық мол болсын деп ацтқым келеді. Биыл аймақта халықтың осал топтары үшін 1 мыңға жуық жаңа пәтердің кілттерін табыстау жоспарланған. Жалпы, біз 2 мыңнан аса пәтерге ие болады біздің ақмолалықтар.
РКС: Бұдан кейін аймақ басшысы Сарыарқа шағын ауданындағы несиелік екі баспананың құрылысымен танысты. Жоба құны 5 миллиард теңгеден астам. Бүгінде нысан 97 процентке дайын. Ел игілігене жыл соңында беріледі деп жоспарланып отыр.
ИНТЕРШУМ:
- Благоустройства бәрі дайын. Есік алдындағы благоустройства да біздікі.
- Хорошо
РКС: Сондай-ақ, облыс орталығындағы Қопа көлінің бойын жағалай Кенесары көшесіне дейін салынған автомобиль жолы ел игілігіне берілді. Жолдың жалпы ұзындығы - 1,7 шақырым.
ИНТЕРШУМ:
- Сегодня откроем дорогу. Что бы загрузить. Өздеріңіз көрдіңіздер осы тез арада. Неше айда істедік Николай?
- За 5 с поливоной месяца.
СНХ: МҰНАРБЕК БАТЫРХАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКС- ӘКІМІ, ҚР ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ: Бұл жолдың ашылуы қала тұрғындары үшін ерекше оқиға. Бұл күнді көптен күттік. Мердігерлер монтаждау жұмыстарын барынша қысқа мерзімде аяқтады. Салынған жолдың маңызы өте көп. Біріншіден, экологиялық мәселе. Яғни, сіздер білесіздер бұрын облыс орталығында тасқын судың сулары осы көлге келіп құйылатын. Енді міне бөгет салынды. Енді лас су көлге құйылмайды. Осылайша көліміз одан сайын ластанбайды.
РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс орталығындағы "Kazpost Engineering Ltd" диллерлік орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Орталық 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұнда ауылшаруашылығы техникасының түр түрі бар. Бұл техникалар күзгі егін науқанында жақсы астық жинауға оң септігін тигізбек.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Негізі 7 миллион тонна астықты оңай жинауға болады. Оны биыл дәлелдедік. Бүгінде бізде қажетті ресурстар бар. Ауыртпашылықты біз жеңілдетеміз. Яғни, мал шаруашылығына және басқа да салаға таратамыз. Мен жақын арада ірі компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдым. Келер жылы терең өңдеу зауытының құрылысын басталады. Оның құны 650 миллион доллар. 1 мың жұмыс орны пайда болады. Ауыл шаруашылық саласын өңіріміздің басты драйверіне айналдыруымыз керек. Сондықтан бұл жерде жоғары сұраныс бар. Осындай қызмет көрсететін орталықтарды әлі де салатын боламыз.
РКС: Шаһардағы Жанділдинов көшесі арқылы Застанционный шағын ауданына өтетін көпір ел игілігіне берілді. Жоба құны - 1 миллиард. Бұл көпір халықтың сұранысы бойынша салынды.
СНХ: АНАСТАСИЯ АСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Біз Застанциооный шағын ауданының тұрғындары аймақ басшысы Марат Мұратұлына алғыс айтамыз. Біздің жан айқайымызды естіп, қысқа уақытта көпір салып берді. Қуанышытымыз!
РКС: Келер жылы Әшімов көшесінде жаңа көпірдің құрылысы басталмақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ