ДИКТОР: Ақмола облысында биыл 200 мыңнан астам киік тіркелген. Ақбөкендер Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандарын мекендейді. Төлдеу кезеңінде олардың саны айтарлықтай көбейеді. Осыған орай, 1 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша "Сайғақ" акциясы басталмақ. Бұл науқан 31-ші желтоқсанға дейін жалғасады.
РКС: Кең ауқымды бұл науқан көктемде 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында өткізілген. Ал қысқы кезеңде желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Акцияны өткізудің жоспары құрылды. Аталған шараны жүзеге асыру мақсатында инспекция мен құқық қорғау органдары тарапынан мобильді топтар құрылып, рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылмақ.
СНХ: ЛАШЫНТАЙ ДЮСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339 – бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ақбөкенді заңсыз аулау, жою,сондай-ақ, заңсыз ауланған ақбөкенді немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау 3 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеледі. Немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуге жатады.
РКС: Аталған акцияға "Охотзоопром" өндірістік бірлестігі де атсалысады. Ұйым өңір бойынша қоғамдық жерлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, ғаламтор желілерінде түрлі танымдық ақпараттар таратады. Ақмола облысында бірлестіктің 12 инспекторы тексеріс жүргізбек.
СНХ: ШЫНДОС ОМАРОВ, «ОХОТЗООПРОМ» ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІГІ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Олардың күші жетпей жатса тағы да 8 инспектор 2 джиппен күшейту тобы келеді. Біздің инспекторларымыздың барлығында жол таңдамайтын көліктері бар. Ақмола облысында көбінесе теңіздің бойында киіктер болады. Енді "Ақбөкен" акциясы кезінде біздің міндетіміз жаңағы заңбұзушылықты болдырмау. Одан кейін киіктің өсуіне, көбеюіне ықпалд жасау.
РКС: Жыл басынан бері облыстың табиғатты қорғау саласында 11 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Айта кетейік, ақбөкенді заңсыз аулаған жағдайда бір аталығы үшін - 8 миллион 307 мың, ал аналығы үшін - 5 миллион 814 900 теңге айыппұл салынады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ